Еуропалық ел криптовалюта есебінен өз қорларын әртараптандыру саясатын жүргізеді
|

Чехияның орталық банкі (CNB) биткоинді қоса алғанда активтердің қосымша көздеріне инвестиция құю мүмкіндіктерін талдаудан өткізу жөніндегі ұсынысты мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы cryptonews.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы сараптама қорытындысына сәйкес келесі қадамдарға барады: оң тұжырым шыққан жағдайда чехтардың орталық банкі әлемде алғашқы болып цифрлы алтынның меншік иелерін реттейтін құзыретті мекемеге айналады. Бұл бастаманы CNB жетекшісі Алеш Михлдің өзі көтерген болатын. Дәлірегі, 140 млрд доллар сақталған қордың 5%-ын криптовалютаға орналастыру туралы ұсыныс білдірген еді. Осы орайда өткен жылдың желтоқсан айында Чех республикасының билігі криптовалютамен қаржылық операцияларды жүргізу және цифрлы актив иелеріне салық салу процедураларын жеңілдететін заң жобасын қабылдағанын айта кетпекпіз. Осыған байланысты Fidelity Digital Assets сарапшылары аталған елдің криптовалютаға қатысты саясатын құптайтынын мәлімдеді.




