Түнгі ауысымда жұмыс істейтіндердің қатерлі ісікке шалдығу қатері жоғары
Түнгі ауысымда жұмыс істейтіндердің қатерлі ісікке шалдығу қатері жоғары
3 жыл бұрын 1864 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Вашингтон университетінің ғалымдары анықтағандай, жұмыс кестесі адамның денсаулығына сөзсіз әсерін тигізеді, көбінесе кері әсерін. Әсіресе, түнгі ауысым геннің 24 сағаттық табиғи белсенділігінің циклін бұзып, қатерлі ісікке шалдықтыру қатерін арттырады. Бұл жайт өз кезегінде ДНҚ-ның зақымдалуына әрі осыдан барып онкологиялық аурулардың пайда болуына жол ашады. Адамның биологиялық сағатына түнгі жұмыстың қандай ықпалы барын анықтау үшін бұл тарапта өз еркімен қатысқан денсаулығы мықты 14 ересек адамға арнайы тәжірибе жүргізілген екен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Pineal Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тәжірибеге қатысқандардың жартысы түнгі ауысымда, қалғаны күндіз уақытта «жұмыс істеген».  Аталған жоғарғы оқу орнындағы зертханада үй температурасы мен жарығында оларға сағат сайын бірдей жүрек жалғайтын тағам беріліп отырды. Әр үш сағат сайын олардың қан үлгілері алынып, анализге тапсырылды. Ақ қан түйіршігінің анализі көрсеткендей, қатерлі ісікпен байланысты гендердің ырғағы түнгі ауысымда жұмыс істегендерден айрықшаланған болып шықты. Бұдан бөлек, түнгі ауысымда жұмыс істегендердің қанынан бөлініп алынған лейкоциттерінен ДНҚ-ның зақымдалу белгілері білінген. Бұған қоса, радиация секілді сыртқы факторлардың алдында дәрменсіздік танытқан. Бұл айтылғандардан бөлек, аталмыш зерттеуге атсалысқан профессор Ханс ван Донгеннің айтуынша, түнгі ауысымда жұмыс істейтіндердің зат алмасу процесі бұзылып, жүрек-қан тамыр ауруларына ұшырау қаупі артқан, психикалық ауытқу қатері де жоғарылаған. Осы орайда бұл бағыттағы зерттеу жалғастырылатынын айта кетпекпіз. Ұзақ жылдар бойы түнгі ауысымда жұмыс істегендерді медициналық тексеруден өткізу көзделуде. Хронотерапия деп аталатын ем-дом процедурасы ең алдымен ішкі биологиялық сағатты реттеуге бағытталуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат