Ғарыш: Марстан 150 млрд шаршы метр мұз табылды
Ғарыш: Марстан 150 млрд шаршы метр мұз табылды
9 жыл бұрын 3739

Ғалымдар Марстың солтүстік және оңтүстік жарты шарында Данияның жер көлеміндей аумақты алып жатқан шеңбердің мұз екенін анықтады.

Бұған қатысты мақалы Geophysical Research Letters басылымында жарық көрді. Қызыл планетаны белдеулеп жатқан бұл шеңбер жуырда ғана белгілі болған еді. Алайда, астрономдар оның не екенін осы уақытқа дейін біле алмай келген болатын. Бәлкім, ол мұз боп қатып қалған су ма, әлде СО2 көміртегінің диоксиді ме немесе жаншылған тау қыртысы ма? Ғалымдар соңғы он жылдың ішінде алынған спутниктік мәліметтерді талдай келе оның мұз екенін анықтаған. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, бұл шеңбер шамамен мұз боп қатып қалған 150 млрд шаршы метр судан тұрады. Мұздың мұншалықты мөлшері қызыл планетаны тұтас 1,1 метр қабатқа жабуға жететін көрінеді. Мұздың буға айналып кетпеуіне оның сүтіне қонған шаң мен тау жынысы тосқауыл болған.

0 пікір
Мұрағат