Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың тәсідін ұсынды
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың тәсідін ұсынды
36 минут бұрын 19 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасушалар арасындағы сигнал берілетін жүйеге сырттан ықпал ету процедурасы организмнің қартаю процесін тежеп, жастың ұлғаюымен байланысты аурулар қатерін төмендетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers in Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жастың ұлғаюымен байланысты аурулардың алдын алу бағытында зерттеу жүргізген халықаралық ғалымдар тобы жасушаларға мигналды қабылдауға әрі оған жауап қатуға көмектесетін арнайы ақуызға – GPCR рецепторына назар аударған екен. Аталған ақуыздар организмнің зат алмасу процесін реттеуге, ми қызметіне, иммундық жүйе жұмысына және гормондар қызметіне атсалысады. Жас ұлғая келе бұл рецепторлар қызметі өзгереді. Осының салдарынан организмде қабыну процесі қарқын алып, зақымдалған жасушалар жиналады. Жүрек-қан тамыр ауруларының, сусамыр дертінің, нейродегенеретивті аурулардың артуына ықпал етеді. Ғалымдар бұл тарапта жекелеген рецепторалрағ емес, сигнал берудің тұтас жүйесіне ықпал етуді ұсынып отыр. Осылайша организмнің қартаю процесін тежейтін мұндай әдісті жасанды зерде технологиясының көмегімен әзірлеуге болатынын алға тартып отыр. Өйткені, жасанды сана жасушалардың өзара әрекетін талдаудан өткізіп, организмнің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат