Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
10 минут бұрын 12 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

KAIST (корейше: 한국과학기술원; Korea Advanced Institute of Science and Technology) элғарғы оқу орнының DIDEN Robotics стартапы магнитті таюанмен жабдықталған төрт аяқты робот құрастырды. Samsung Heavy Industries верфінде ол металды адам шыға алмайтын қабырғалар мен төбеде дәнекерлей алады. Бұл жайында islam.kz порталы Robotics and Automation News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Төрт аяқты DIDEN 30 роботы Samsung Heavy Industries арнайы бөлмесінде таяуда сынақтан өтті. Оны адам биіктікке көтерілуге немесе тығыз әрі жабық бөліктерде жұмыс істеуге тура келетін кеме жасаудың қауіпті міндеттері: дәнекерлеу және корпустарды техникалық бақылау үшін арнайы машина әзірлеген KAIST (Корей ғылым және технология институты) жанындағы стартап DIDEN Robotics компаниясы құрастырды. DIDEN 30-ның басты ерекшелігі - оған болат едендерде, тік қабырғаларда және аспалы беттерде қозғалуға мүмкіндік беретін магнитті табандарында. Машина салмағы 30 келіге дейін тартатын жүкті көтере алады, яғни, дәнекерлеу жабдығы немесе техникалық бақылау құралдарының салмағындай жүкті өзімен брге алып жүре алады деген сөз. Роботтың әрекетін жасанды зерде анықтайды: күшейтілген оқыту алгоритмі алдымен виртуалды ортада жаттығады, содан кейін нақты машинаға ауыстырылады.

Вступительное видео NVIDIA GTC 2026 с участием DIDEN Robotics

0 пікір
Мұрағат