Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
1 сағат бұрын 123 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Денені 3-6 °C-қа салқындатып қоймай, сонымен бірге, қозғалыс кезінде минутына 47 мВт электр ² генерациялайтын, яғни, өндіретін ерекше материал әзірленді. Бұл жайында islam.kz порталы New Atls мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетіндегі Грейнджер инженерлік колледжінің зерттеушілері пассивті радиациялық салқындату мен биомеханикалық энергияны бір материалда жинайтын әрі үйлестіретін цирконий оксидінің (ZrO ₂) нанокомпозиті негізінде тоқыма әзірледі. Бірегей мата сыртқы жүйесіз және көп қабатты конструкциясыз функциялы киім тігуге көмектеседі. Цирконий диоксиді сыну көрсеткіші жоғары - күн сәулесінің шашырауында тиімді етеді. Жаңа тоқыма келіп түсетін күн сәулесінің 96% -ын шағыоыстырады, ал оның сәуле шығару қабілеті орташа инфрақызыл диапазонда 97% -ға жетеді – осылайша денеден жылуды инфрақызыл сәуле түрінде тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Ашық даладағы күн сәулесінде ғалымдар тін температурасын қоршаған ауа температурасынан шамамен 3-6 °C төмен деп белгіледі. Салыстыру үшін: адам денесі әдетте 1 °C айырмашылықтың өзін сезінеді. ZrO ₂ матасының екінші қасиеті - басқа материалмен жанасқан кезде трибоэлектрлік зарядты жинақтауға мүмкіндік беретін диэлектрлік сипаттамаларына ие. Адам қозғалғанда оның терісі матамен жанасады және қайталанатын механикалық қозғалыстар электр импульсін тудырады. Қуаттың ең жоғары тығыздығы шамамен 47 мВт/м ² және тұрақты электр шығымы 30 000-нан астам жұмыс циклін береді. Бұл телефонды зарядтау үшін жеткіліксіз, алпйда, датчиктер мен басқару сигналдарын қуатпен қоректендіру үшін жеткілікті: қосылған датчик пайдаланушының қимылы мен қозғалысын, ал сигнал деңгейі - қозғалыс қарқындылығын көрсете алады. Зерттеушілер термореттеудің бейімделген жүйесін құра отырып, матаны төменгі өткізгіш тоқыма қабатымен біріктірді. Адм қимылсыз қалған жағдайда пассивті радиациялық салқындату төмен температураны ұстап тұрды, ал қозғалыс кезінде трибоэлектрлік сигнал шығарды, ол өткізгіш қабатты белсендіріп, қыздыру тетігін іске қосты. Нақтылау керек: ZrO материалының өзі жылу ₂ өндірмейді - ол тек қана сигнал береді. Өткізгіш қабат жылыту элементтерін, тұрақты ток көзін, қатты денелі релені және Arduino микропроцессорын қоса алғанда, жеке электроникамен жабдықталған.

 

0 пікір
Мұрағат