Өзені жоқ елдер аталды
Өзені жоқ елдер аталды
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. фото: photohound.co

«Вокруг света» мерзімді басылымы жыл бойы су ағатын тұрақты табиғи өзендері жоқ елдердің тізімін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай елдердің арасында шөл және шөлейтті аймақтарда орналасқан ислам әлемінің көптеген елдері кездеседі. Ең алдымен бұлар Араб түбегіндегі мемлекеттер: Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн, Оман және Йемен. Жауын-шашын аз, оның үстіне, жауын аталған аймақта біркелкі емес. Жауыннан жиналған су көп ұзамай жер астына сіңіп кетеді немесе аптап ыстықтан буланып ғайып болады. Бұл елдер аумағында жаңбырдан кейін толып кететін аңғарлар мен арналар кездескенімен аз уақытта табаны тартылып қалады. Сондықтан бұл өңірдегі әдеттегі су көздеріне – құдық (жерасты суы), бұлақ, оазистегі су айдыны жатады. Африка құрлығында тұрақты өзендер тек Ливия мен Жибутиде ғана жоқ. Аталған елдерде жаңбыр сирек жауатындықтан тұрақты өзендер қалыптаспаған немесе сақталмаған. Үнді мұхитындағы Малдивтер, Жерорта теңізіндегі Малта, сондай-ақ, Тынық мұхитындағы Науру, Кирибати, Тувалу, Маршалл аралдары және Тонга сияқты кейбір арал мемлекеттер аумағында да өзен жоқ. Ал Еуропа мемлекеттерінің арасында Ватикан мен Монакода тұрақты өзендер жоқ. Парсы шығанағы елдерінде ауызсу теңіз суын тұшшыландыру есебінен алынады. Аралдарда шатырлардан және басқа да беттерден жаңбыр суын жинайды, содан кейін жабық резервуарларда сақтайды. Мысалы, Маршалл аралдарының астанасы Мажуро бұл үшін әуежай аумағында және басқа да ірі шатырларда жиналған суды пайдаланады

0 пікір
Мұрағат