Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
1 сағат бұрын 102 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда Қырғызстан аумағында ресми түрде 4 470 мешіт жұмыс істеп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде қырғыздардың мұсылмандар діни басқармасы келтірген дерекке жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша құжаттарды тексеруге байланысты ауқымды іс-шарадар жүргізілуде: толық емес пакеті бар нысандардың нақты саны түгендеу аяқталғаннан кейін белгілі болады, алдын ала қорытындыларды 2026 жылдың соңына дейін шығару жоспарланып отыр. Салыстыру үшін: КСРО ыдыраған кезде Қырғызстанда небәрі 39 мешіт жұмыс істеген. Тәуелсіздік жылдарында олардың саны 100 еседен астам өскен. Бұл арада 2025 жылдың ақпан айында қолданысқа енген «Наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңда қарастырылған талаптарға сәйкес мешіттер санына қатысты мәліметтерді нақтылау турасында сөз болып отыр. Жаңа ереже бойынша діни нысандар орталық басқару органы - мүфтияттың балансында болуы тиіс. Егер мешіт бұрын жеке тұлғаға немесе жергілікті қоғамға ресімделген болса, оны иелерінің келісімімен нотариус арқылы ҚМДБ-ға қайта ресімдейді. Сонымен қатар, жерге арналған құжаттар, құрылысқа арналған рұқсаттар және пайдалануға беру актілері тексеріледі. Мүфтиятта атап өткендей, көптеген мешіттер жергілікті тұрғындар мен меценаттардың қаражатына салынған және барлық нысандардың құқығын айқындайтын құжаттардың толық пакеті жоқ. Жогорку Кенеш отырысында айтылған мағлұматтарға сай 4 470 мешіттің 3 673-і заңды негізде жұмыс істейді, ал 797-сінің қажетті құжаттары жоқ және муфтиятта тіркелмеген. Діни нысандарды ҚМДБ балансына беруді аяқтау және құжаттарды 2027 жылдың 1 ақпанына дейін ретке келтіру жоспарланған. Муфтиятта мәлімделгендей, мешіттерді ешкім жаппайды, тек заңдастырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат