|
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
|
Егер осынау айрықша жүйе жетілдіруге келсе, ол тұрақты электр энергиясы өндірілмейтін шалғай аймақтарда, шеберханаларда, саяжайларда, пайдасы шаш етектен технологияға айналады. Бұл жайында islam.kz порталы naukatv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
От әдетте қандай да бір нәрсені (азық-түлік өнімдері, су, бұйым, т.б.) қыздыру үшін қолданылады, ал Greenhill Forge жобасының авторы отты салқындату процесіне бейімдеді. Ол оттың жылуы су мен кальций хлориді атсалысатын химиялық процесті іске қосатын ерекше тоңазытқыш құрастырды. Сынақ кезінде қондырғы ішіндегі температура сол маңдағы 16 °C температурада шамамен 5 °C-қа дейін төмендеді.
От салқындатуға қалай көмектеседі
Қондырғы абсорбциялық салқындату қағидаты бойынша жұмыс істейді. Электр компрессорының арқасында салқындатқыш агент айналатын кәдімгі тоңазытқыштан айырмашылығы - мұнда процесс қыздыру тетігін іске қосады.
Конструкцияда екі негізгі торап - генератор мен абсорбер бар. Бiрiншiде кальций хлоридiнiң ерiтiндiсi және тазартылған су бар. Қоспа отпен қыздырылған кезде су буы ерітіндіден бөлінеді және құбыр арқылы конденсаторға түседі. Онда ол суып, қайтадан сұйыққа айналады. Содан кейін су өте төмен қысым сақталатын (шамамен 6 миллибар), реттелетін клапан арқылы буландырғышқа өтеді. Мұндай жағдайларда су қалыпты қайнау нүктесінен едәуір төмен температурада буланады. Булану үшін энергия қажет және су қоршаған кеңістіктен жылу алады. Осының есебінен ол салқындатылады.
Алайда, су буының жинақталуына қарай жүйедегі қысым одан ары судың булануына кедергі келтіреді. Бұған жол бермес үшін абсорберге кальций хлоридінің концентрацияланған ерітіндісі беріледі. Ол буды сіңіреді және қажетті төмен қысымды сақтауға көмектеседі. Осылайша, от циклдың жұмысы үшін жылуды қамтамасыз етеді, ал тұзды ерітінді салқындату үшін қолданылады.
Қондырғы қалай жұмыс істейді?
Қондырғының басым бөлігін автор өз бетінше тот баспайтын болаттан және металл түтіктерден жасаған. Һ+Өз өолымен корпустарды дәнекерледі, ал кішігірім құбыр қосылыстарын күміс негізіндегі қатты дәнекермен жалғады. Салқындатқыш иінді жасау және майысу кезінде түтіктің майысуын болдырмау үшін шебер оны сумен толтырып, мұздатып, содан кейін оған қажетті пішін берді.
Іске қосар алдында конструкцияны герметикалығын тексеріп, одан ауаны вакуумдық сорғымен сорып алды. Бұл маңызды шарт: аздаған су ақса, соның өзі төмен қысымда буландырғыштың жұмысын бұзуы мүмкін.
Температура мен қысымды Arduino базасындағы контроллер бақылайды. Ол сорғылардың жылдамдығын реттейді және қауіпті ауытқулар кезінде дабыл сигналдарын қосады. Тоңазытқыш электрден толық автономды бола қойған жоқ. Оған айналмалы сорғылар мен желдеткіштер қажет, олар сорғылармен бірге шамамен 30-50 Вт тұтынады. Болашақта оларды отынды негізгі жылу көзі ретінде пайдалана отырып, шағын күн панелінен немесе аккумулятордан қоректендіруге болады
Мұндай тоңазытқыш кәдімгі тоңазытқышты алмастыра алла ма
Бірінші сынақтың нәтижесі көрсеткендей, қондырғы от жылуының есебінен кеңістікті салқындатуға қабілетті. Бірақ, бұл қондырғы әзірге тек прототип. Оның ыстық ауа райында өзін қалай ұстайтыны, қанша өнімді салқындататыны және сақтаудың қауіпсіз температурасын қаншалықты тұрақты ұстап тұратыны белгісіз.
Абсорбциялық салқындату принципінің өзі жүз жылдан астам уақыттан бері белгілі және әдеттегі компрессор ыңғайсыз тоңазытқыш жүйелерде қолданылады. Greenhill Forge жобасының жаңалығы – арзан материалдарды пайдаланып, қолдан жасауға болатындығында және тұрақты электр көзінің орнына отынды пайдалану мүмкіндігі.