|
Тірі организмнің қартаю процесін тоқтататын микрорганизм табылды
|
Қытай ғалымдары тәжірибе жүргізілетін жануарлардың организіміне ерекше магнитті микроорганизмдерді орналастыру арқылы олардың өмірін барынша ұзартуға қол жеткізкен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Free Radical Biology and Medicine мерзімді басылымына жөн сілтеген Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Free Radical Biology and Medicine ғылыми басылымындағы жарияланымған зерттеу нәтижесіне сәйкес Қытай ғылым академиясының физика ғылымдары Хэфэй институтының білікті мамандары Caenorhabditis elegans құрттарына тәжірибе жүргізіп, елеулі жетістікке жеткен. Өз ішінде магнит бөлшектерін қалыптастыруға қабілетті Magnetospirillum magneticum бактерияларын енгізудің арқасында нематодтардың өмір сүру ұзақтығы 43,4% -ға жуық ұлғайды. "Ұзақ өмір сүрудің басты себебі ферроптоздың - липидтердің тотығуы және темірдің артық жиналуы кезінде іске қосылатын жасушалардың өлу процесінің азайғаны болды. Магниттік микробтар сыналушылардың ішегі мен жүйке жүйесін еркін радикалдар деңгейін төмендетіп және тіндердің зақымдануына жол бермей тиімді қорғады", - деп айтылған хабарламада. Бұл ретте ғалымдар жасартатын әсерді магнитосомалары бар толыққанды микроорганизмдер ғана бергенін алға тартып отыр. Магниттік тізбектерді құру мүмкіндігінен айырылған бактериялардың мутацияланған қоздырғыштары құрттардың өмір сүру ұзақтығына ешқандай әсер еткен жоқ. C. elegans құрттары ғылыми әлемде гипотезаларды тез тестілеуге мүмкіндік беретін қысқа өмірлік цикл үшін бағаланады, дессе де адам организімі жәндіктерге қарағанда әлдеқайда күрделі. Дегенмен, аталмыш жаңалық ерекше симбиотикалық микробтардың қартаю процесін тікелей тежеуге қабілетті екенін дәлелдеп берді.