Голландиялық ғалымдар зертханада тышқанның аталық және аналық ұрық жасушаларын пайдаланбай, оның өзге жасушаларынан «синтетикалық» эмбрион жасап шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
|
Ғалымдар бағаналық жасушадан синтетикалық эмбрион жасап шығарды
|
Бағаналық жасушаны зерттеу саласында ашылған жаңалық адамдарды немесе өзге де организмдерді клондау мақсатын көздемейді. Ол әйелдің өзінің жүкті екенін білмей жатып не себепті түсік тастап қоятынын анықтау мақсатында жасалған зерттеудің нәтижесі.
Зертханада организмнен тыс жасалған эмбриондар тірі тышқанның жатыр қабырғасына жапсырылды және онда екі-үш күн бойы өсті.
Ғалымдардың айтуынша, егер осы процес зерттелетін болса онда ол болашақта бедеулікті емдеуде көмектесуі мүмкін.
Эмбриондарды жасау үшін бағаналық жасушаны пайдалану ғылыми зерттеулер үшін үлкен материал береді.
Ғалымдардың айтуынша, адамның бағаналық жасушасынан синтетикалық эмбрион жақын арада жасала қоймайды. Себебі ол үшін арнайы рұқсат керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытайдың Такламакан шөліндегі бидай өнімділігі ұлттық орташа көрсеткішті екі есеге арттырды
■
Әлемді жаңа әлеуметтік желі жаулай бастады
■
Жасанды зердеге байланысты студенттерді дипломды қорғау жұмысын жазудан босатты
■
Түркияда қарттарға жасанды зердені пайдалануға лицензия береді – цифрлы қатерден қорғау үшін
■
Азия елінде миссионерлік қызметте шетелдік валютаны пайдалануға тыйым салынды