Биологтар құрғақшылықтан егін шығынын азайтудың жолын тапты
Биологтар құрғақшылықтан егін шығынын азайтудың жолын тапты
5 ай бұрын 1245 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Құрғақшылық жаһандық жылынудың немесе климат дағдарысының негізгі жағымсыз факторларының бірі ретінде ауыл шаруашылығы өндірісіне орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы  Plants (Q1) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты Томбы мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) биологиялық институты мен Беларус ұлттық ғылым академиясының биоорганикалық химия институтының ғалымдары дәнді дақылдарды тұшшы су тапшылығынан туындаған стресстен тиімді қорғаудың жолын тапты. Биологтар өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру құралы ретінде табиғи компонент – фитогормондарды пайдаланады. Құрғақшылықтың өсімдікке кері әсері өсімдіктің өнбеуінен немесе өспеуінен, жапырақтарының көлемінің кішіреюінен, сабағының қысқаруынан, тамырының таяздығынан, фотосинтез процесінің бұзылуынан байқалады.  Су тапшылығы немесе ылғалдың жетіспеушілігі жоғары және төмен температура немесе топырақтың ластануы сияқты басқа да стрестік жағдайларда да орын алады. Дақылдарды зақымдаушы факторлардан қорғау үшін Томбы мемлекеттік университетінің биологтары түрлі физиологиялық процестерді реттеуде маңызды рөл атқаратын стероидты фитогормондарды – брассиностероидтарды пайдаланады. Сонымен қатар, гормонның бұл түрі адаптоген ретінде әрекет етеді және өсімдіктердің зиянды әсерлерге төзімділігін мейлінше арттырады. Фитогормондардың өсімдіктерге әсері, ғалымдардың түсіндіруінше, өсімдік түріне ғана емес, осы гормонның концентрациясы (шоғырлану деңгейі) мен әсер ету әдісіне де байланысты. Зерттеушілер бұл тараптағы зерттеу барысында алғаш рет брассиностероидтар тобының бірнеше «өкілдерімен» арпа өсімдіктеріне қысқа мерзімді, дәлірегі, екі сағат бойы алдын ала өңдеу жүргізілді. Зертханада құрғақшылықты түрлі тәсілдермен моделдеуге болады. Бүгінгі ауыл шаруашылық алқаптарының нақты жағдайына сәйкес келетін топырақтың құрғақшылықтағы жай-күйі мен үлгісіне қатысты тәжірибе жүргізілген екен. Тұқымдарды алдын ала өңдеу (сулау немесе суға шылау) шарасы өсімдіктерді суару немесе оларға су бүркуден гөрі гормоналды ерітіндіні әлдеқайда аз қажет етеді, сондықтан бұл әдіс әлдеқайда арзан. Климаттың өзгеруін және үлкен егістік алқаптарын суарудың қиындығын ескерсек, биорегуляторларды (яғни, биологиялық тұрғыдан реттеу) осылайша пайдалану өте тиімді. Брассиностероидпен алдын ала өңделген арпа құрғақшылық кезінде биомассасын сақтады және стресс жағдайында өсімдіктерді қорғау құралы болып табылатын антиоксиданттық ферменттердің белсенділігін айтарлықтай арттырды: супероксид дисмутаза жеті есеге, каталаза 36 пайызға артқан. Зерттеу кезінде, сонымен қатар, су тапшылығынан болатын стреске ұшыраған өсімдіктерді сақтауда маңызды рөл атқаратын пролин синтезіне арналған гендердің экспрессиясы бағаланды. Бұл қосылыстар экологиялық жағынан таза келеді, өйткені, олар табиғи өсімдік гормондарына ұқсас. Ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды зерттеу Ресей ғылыми қоры мен Беларус республикалық іргелі зерттеулер қорының бірлескен гранты аясында жүзеге асырылды.

Ұқсас материалдар:

«Татар ғалымдары бидайды құрғақшылыққа төзімді ететін амалды тапты»  (https://islam.kz/kk/news/gylym/tatar-galymdary-bidaidy-qurgaqshylyqqa-tozimdi-etetin-amaldy-tapty-20125/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0);

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылық жайлағанда астық түсімін арттыратын тиімді тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyq-jailaganda-astyq-tusimin-arttyratyn-tiimdi-tasil-tabyldy-18047/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің құрғақшылыққа қалай қарсылық көрсететіні (тетігі) анықталды – астық түсімін арттыратын жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-qurgaqshylyqqa-qalai-qarsylyq-korsetetini-tetigi-anyqtaldy-astyq-tusimin-arttyratyn-janalyq-16453/#gsc.tab=0);

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/astyq-nemese-jemis-tusimin-arttyratyn-biometan-jasaldy-16402/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ГМО бидайды өсіруге тұңғыш рет рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qurgaqshylyqqa-tozimdi-gmo-bidaidy-osiruge-tungysh-ret-ruqsat-etildi-14238/#gsc.tab=0);

"ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0);

«Ауруға бой алдырмайтын, құрғақшылыққа төзімді әрі өнімділігі жоғары сәбіз сорты алынды»(https://islam.kz/kk/news/gylym/auruga-boi-aldyrmaityn-qurgaqshylyqqa-tozimdi-ari-onimdiligi-jogary-sabiz-sorty-alyndy-19787/#gsc.tab=0);

«Cелекционерлер құрғақшылыққа төзімді қауынның екі түрін шығарды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/celektsionerler-qurgaqshylyqqa-tozimdi-qauynnyn-eki-turin-shygardy-19767/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісінен аграрлық өсімдіктердің түсімділігі 21%-ға кемиді» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisinen-agrarlyq-osimdikterdin-tusimdiligi-21-ga-kemidi-15050/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);

«Адамзат күнделікті тұтынатын азық-түліктің үштен бірінен айырылады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzat-kundelikti-tutynatyn-azyq-tuliktin-ushten-birinen-aiyrylady-15250/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат