Өсімдіктің құрғақшылыққа қалай қарсылық көрсететіні (тетігі) анықталды – астық түсімін арттыратын жаңалық
Өсімдіктің құрғақшылыққа қалай қарсылық көрсететіні (тетігі) анықталды – астық түсімін арттыратын жаңалық
2 жыл бұрын 2495 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

NTNU биологиялық факултетінің зерттеу тобының профессоры Торстен Хаман анықтағандай, өсімдік құрғақшылық салдарымен ерекше молекулярлы компонеттің көмегімен күресетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жаңалық өз кезегінде өсімдіктің қоршаған ортаға бейімделуіне қатысты процестің қалай жүретінін ұғуға мүмкіндік бермек. Негізінде өсімдіктің стрестік жағдайға қалай бейімделетініне екі фактор әсер етеді: біріншісі – өсімдіктің құрылымын қатты жасуша қабырғасы қорғайды, мұндай жасушалар құрғақшылық жайлағанда өсімдіктің бойындағы судың (ылғалдың) сыртқа кетпеуін қамтамасыз етеді;  екіншісі – өсімдіктің бойындағы көптеген процестер абциздік қышқыл тарапынан реттеледі, яғни, «тыныштық гормоны» деп аталатын гормон өсімдіктің өсіп-жетілуін тежеу арқылы энергияны үнемдейді. Өсімдіктің өзіне тән, ғалымдарға бұрыннан белгілі болғанымен абциздік қышқылдың қалай бөлінетіні және қатты жасуша қабырғасының пайда болу тетігі белгісіз болып келген еді. Ғалымдар бұл тарапта тәжірибе жүргізу үшін материалдар технологиясымен жұмыс кезінде жиі қолданылатын микроскопия әдісіне жүгінгін, дәлірегі, Бриллюэн спектроскопиясын осы саладағы зерттеуге бейімдеген болатын. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында өсімдіктің екі түрін, атап айтқанда, Тал беде деп аталатын өсімдік пен кәдімгі бақшада өсетін бұршақты таңдады. Таңдау неге аталған өсімдіктерге түсті? Өйткені, екі өсімдік те толық өмірлік кезеңінен (толық қалыптасу) бар-жоғы он аптаның ішінде өтеді, міне, осы ерекшелік аз уақыт ішінде зерттеу нәтижесі алуға көмектеседі. Қысқасы, бұл зерттеу кезінде ғалымдар өсімдіктің қатты жасуша қабырғасын қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар, абциздік қышқылды істеп шығаратын молекулярлы компонентті анықтады. Бұл молекулярлы компонент THE1 немесе Theseus1 деп аталады. Сондай-ақ, бұл зерттеуде қатты жасуша қабырғалары бұзылса, өсімдіктің бейімделу процесінің тоқтайтыны да белгілі болған еді. Бұл жаңалықтың ең алдымен әлемдегі азық-түлік қауіпсіздік стратегиясына қауіп төндірген климат дағдарысында ауыл шаруашылық өсімдіктерінің астық түсімін арттыруға көмектесетінін алға тартып отыр. 

Ұқсас материалдар: 

"Қытайлар аштықпен күресудің тың тәсілін ойлап тапты" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytailar-ashtyqpen-kuresudin-tyn-tasilin-oilap-tapty-16441/#gsc.tab=0);

«Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/astyq-nemese-jemis-tusimin-arttyratyn-biometan-jasaldy-16402/#gsc.tab=0);

"ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0);

"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0);

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

"Пісірген кезде канцероген аз бөлінетін бидай өсіріле бастайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/pisirgen-kezde-kantserogen-az-bolinetin-bidai-osirile-bastaidy-15801/#gsc.tab=0);

«Өсімдікті аз уақыт ішінде қалпына келтірудің әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdikti-az-uaqyt-ishinde-qalpyna-keltirudin-adisi-tabyldy-16416/#gsc.tab=0);

"Өсімдіктің зақымдалған жері қалай қалпына келеді - регенерация тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-zaqymdalgan-jeri-qalai-qalpyna-keledi-regeneratsiya-tetigi-tabyldy-14717/#gsc.tab=0);

«Шегірткені азық етуге ресми рұқсат берілді" (https://islam.kz/kk/news/alem/shegirtkeni-azyq-etuge-resmi-ruqsat-berildi-16428/#gsc.tab=0);

"Өзбекстанда жеуге арналған шегірткелер өсіріле бастады" (https://islam.kz/kk/news/alem/ozbekstanda-jeuge-arnalgan-shegirtkeler-osirile-bastady-15364/#gsc.tab=0);

"Болашақта жәндік адамзаттың негізгі қорегіне айналады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaqta-jandik-adamzattyn-negizgi-qoregine-ainalady-15802/#gsc.tab=0);

"Еуропалық одақ жәндіктерді тағам ретінде тұтынуды мақұлдауға дайындалып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-odaq-jandikterdi-tagam-retinde-tutynudy-maquldauga-daiyndalyp-jatyr-13414/#gsc.tab=0);

"Адамзат болашақта балықты түсінде көреді – жаһандық жылынудан балықтар шағылысудан, ұрпақ өрбітуден қалады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzat-bolashaqta-balyqty-tusinde-koredi-jahandyq-jylynudan-balyqtar-shagylysudan-urpaq-orbituden-qalady-14334/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат