Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды
Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды
3 жыл бұрын 2364 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Бангалор қаласындағы String Bio компаниясы түрлі өсімдіктердің астығын немесе түсімін арттыратын биометаннан биостимулятордың ереше түрін шығарды. Бұл айында islam.kz порталы аталған елдің ұлттық, аграрлық Krishi Jagran порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. String Bio компаниясының негізін қалаған әрі аталмыш компанияның бас директоры Ежіл Суббианның айтуынша, мамандар осы газды түрлендіру арқылы CleanRise және ImpaKt сауда белгілеріндегі екі арнайы өнімді жасап шығарды: біріншісінің негізінде - микроб, ал екіншісі пептидтен жасалды. Ферменттеу процесі патенттелген әрі құпия ұсталады. Екі құрал да өсімдік тамырының вегетациясын күшейтіп, топырақтың сауығуына ықпал етеді, стреске төзімді етіп, өсімдіктің астық түсімін арттырады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі өрсетендей, қызанақтың түсімділігін 20-30 пайызға, ал жаңғақтың түсімділігін 25 пайызға арттырған. Екі құрал да органикалық жер шаруашылығы да, дәстүрлі шаруашылыққа да жарайды әрі парникті газдың кемуіне ықпал еткен.

0 пікір
Мұрағат