Ауадан су алудың тағы бір әдісі пайда болды
Ауадан су алудың тағы бір әдісі пайда болды
2 ай бұрын 1093 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірегей құрылғы, тіпті, құрғақшылық жайлаған әрі ылғалдылығы төмен аймақтарда ауадан су алуға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Невада университетінің зерттеуі суды ылғалдылықтың 10%-ға дейінгі төмен деңгейінде де жинауға мүмкіндік беретін инновациялық әдісті ұсынады. Айрақша технологияның құпиясы арнайы материалда жатыр: гидрогел мембранасы ауадан ылғалды тиімді сіңіріп, оны сұйыққа айналдыруға қабілетті. Бұл технологияның көмегімен ауаның ылғалдылық деңгейі 35% кезінде бір шаршы метрге 5,5 келіге дейін су алуға болады, бұл мөлшер екі адамның бір тәулікте пайдаланатын су мөлшеріне тең. Ылғалдылығы жоғары болған кезде жиналатын су мөлшері 16,9 келіге дейін артады. Ғалымдар бұл тарапта табиғи суайрық принципін қолданды: тропиктік өсімдіктер мен бақалар су балансын сақтау үшін қоршаған ортадан ылғал алуға қабілетті. «Бұл жануарлар су алу үшін мембраналық құрылымдарды шебер пайдаланады. Біз бұл құбылысты зертханада тудыра алдық», дейді ғалымдар. Атмосферадан ылғал сіңірудің (аулаудың) фазалық циклдерін, яғни, кезең-кезеңімен жүзеге асатын процестерді қажет ететін сорбенттер (сорғылар) сияқты ауадан суды алудың әдеттегі әдістеріне қарағанда, жаңа мембрана суды бір мезгілде сұйық күйінде жинауға және сақтауға мүмкіндік береді. Аталған жоғарғы оқу орнының өкілдері жаңа технология тиімділігімен ғана емес, сонымен қатар, үнемшілдігімен де артықшылыққа ие екенін алға тартып отыр. Бұл материалдың құны шаршы метріне шамамен 17 доллар тұрады. Күн батареясының арқасында материал автономды режимде, яғни, дербес жұмыс істейді. Бұл ерекшелік те күн шуағы мол, жауын-шашын аз түсетін өлкелерде құрылғының тиімділігін арттырады.

Принцип сбора воды по методу исследователей из Университета Невады

Испытания улавливания/хранения воды на открытом воздухе

 ҰҚСАС  МАТЕРИАЛДАР:

Жаңа құрылғы шөл далада ауадан су жинай алады

Үйге арналған DrinkingMaker құрылғысы таза суды тікелей ауадан алуға мүмкіндік береді (видео)

Суды тұщыландырудың тағы бір тиімді әдісі пайда болды

Бұрынғыларына қарағанда суды 2400 есе тез тұшшыландыратын тәсіл пайда болды

30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды

Суды күннің шуағымен тұшшыландырады

Сиыр көңімен суды тұшшыландыру тәсілі пайда болды

Суды тұшшыландырудың инновациялық тәсілі табылды

Cуды тазартудың магниттік технологиясы пайда болды (видео)

Суды нанопластиктен тазарту технологиясы пайда болды

Суды қауіпті заттардан тазартудың арзан әрі тиімді әдісі пайда болды

Cуды аммиактан тазартудың әдісі табылды

Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды (видео)

Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды

Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен

Суды «суықтай қайнату» әдісімен тазарту

Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды

Ең лай судың өзін бір түймені басумен тазартатын құрылғы жасалды (видео)

Салмағы 10 келіден аспайтын су тұшшыландыру қондырғысы (видео)

Арабтар ерледі: кәдімгі көмір арқылы адамзатты су тапшылыған құтқаратын технология ойлап тапты

Ауадан тұшшы суды тез алуға мүмкіндік беретін гидрогел пайда болды

Ауадан органикалық кристалдар көмегімен тұшшы су алынды

Тұманнан таза су алу технологиясы пайда болды

Ауадан су өндіру технологиясы пайда болуы мүмкін немесе тұшшы су тапшылығының алдын алудың жаңа әдісі табылды

 

0 пікір
Мұрағат