Миға персоналды жиілік іріктелетін тәсіл қолданылады
Миға персоналды жиілік іріктелетін тәсіл қолданылады
4 жыл бұрын 2949 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Германияда мидың жекелеген учаскілеріне дәл әсер етудің әдісі әзірленді. Инсульт, Паркинсон, күйзеліс (депрессия) секілді емі толыққанды табылмаған аурулардың ортақ ерекшелігі – аталған аурулар ми қызметіндегі өзгерістердің салдарынан пайда болады. Сол себепті, ғалымдар ми қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауруларды тудырған жекелеген учаскілерге дәл әрі біржола әсер етудің тәсілін жатпай-тұрмай іздестіріп келеді. Егер сәтін салса, Лейпциг қаласындағы  Макс Планк атындағы когнитивтік әрі нейро ғылым қоғамдастығы институтының ғалымдары бұл бағытта сәл де болса ілгері жылжып, айтарлықтай жетістікке жеткен секілді. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, неміс ғалымдары тактилді сигналдарды (терідегі, бұлшық еттегі, шырышты қабаттағы қандай да бір рецепторлар арқылы қабылдайтын жанасу сезімін тудыратын бес сезім түрлерінің бірі) өңдеуге жауапты ми учаскесінің ырғағына дәл араласа алды. Нәтижесінде участіктің байланыс қызметі кеміп, онымен бірге мидың өзге аймақтарымен ақпарат алмасу белсенділігі де төмендеді. Неміс ғалымдары бұған қалай қол жеткізді? Алдымен әр адамға тән жанасуды сезген кезде пайда болатын ырғақты анықтайды. Осы персоналды жиілікті пайдалана отырып, транскраниалды электрмен стимуляциялаудың көмегімен таңдап алынған ми учаскісіне ғана дәл әсер ететін болады. Бұрын ми қызметінің байланысына электр импулсымен әсер ету тиімсіз болатын – импулс бір мезгілде мидың барлық уаскесіне әсер ететін еді. «Ми ырғағына әсер етудің уақыты тым қысқа Стимуляцияны ажыратқан бетте эффекті жоғалады. Алайда, ми қызметіндегі ауытқулар мен ақаулардан пайда болатын ауруларды «көздеп» емдеу» бағытында маңызды қадам жасалды»,- деп мәдімдеді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Бернард Зем. Бұл тәсіл өз кезегінде мидағы ақпарат алмасудың ақсартып, қажет кезінде бәсеңдете алады

0 пікір
Мұрағат