Адамның қорқынышты түс көруінің бір сыры белгілі болды
Адамның қорқынышты түс көруінің бір сыры белгілі болды
3 жыл бұрын 19275 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамның түнгі ұйқы кезінде қорқынышты түс көруінің күтпеген себебі айтылды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік НТВ телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейлік сомнолог әрі психология ғылымдарының кандидаты  Алексей Мелехин адамның түнде жайсыз ұйықтауына, соның ішінде қорқынышты түс көруінің бір себебіне күндізгі көз шырымын алуды жатқызып отыр. Осылай деп мәлімдеген ол шама келсе, күндіз көз шырымын алмауға үндеп отыр. Күндізгі ұйқы биологиялық ырғақты бұзады, осының кесірінен түнде жүйке жүйесі тағы ұйықтаудың қандай қажеті барын «түсінбейді». Бұған қоса, күндіз көз шырымын алған түнде құс ұйқылы болуы мүмкін. Күндіз көз шырымын алып, сергіп немесе тыңайып алуға көмектеседі, есесіне түнде қорқынышты түстерге жол ашады. Яғни, күндіз ұйықтаған адамның түнде қорқынышты түс көру ықтималдылығы 80 пайызға артады. Бұдан бөлек, жатын бөлмеңіздің қапырық болуы да, ұйқыға жатар алдында тамақтану да, ұдайы стресс алып жүрсеңіз де түнгі ұйқыңыздан маза қашуы мүмкін екенін ескертеді. 

0 пікір
Мұрағат