Жыланның жылжуы... (фото+видео)
Жыланның жылжуы... (фото+видео)
4 жыл бұрын 9487 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жыланның жылжуына мүмкіндік беретін тың тәсілін кездейсоқ ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Колорадо штатының және Цинциннат жоғарғы оқу орындарының ғалымдары Гуам аралында тіршілік ететін қоңыр ағаш жыланының (Boiga irregularis) жылжудың өзгеше тың тәсілін қолданатынын байқады. Аталмыш жылан шыбын тайып жығылардай теп-тегіс цилиндр арқылы жоғары көтерілген. Ғалымдар жыланның бұл тәсілін тұзаққа арналған қыларқанды еске түсіретіндіктен «лассо қимылы» деп атапты. Жылан жоғары өрмелегенде өзінің денесімен цилиндірді орай қысып, құйрығының ұшымен денесін қармайды. Жоғарыда жыланның бұл тәсілі кездейсоқ ашылғанын жаздық қой – әуел баста биологтер миткронезилік шымшықтың ұясын қайда орналастыру керектігіне бас қатырған болатын, аталмыш құс балапандарымен және жұмыртқасымен қоректенетін аталған жыланның кесірінен жойылу қатері төнген болатын. Жылан жете алмайтын құсқа қолайлы жерге оның ұясын орналастыру арқылы құстың популяциясын сақтап қалу болатын бұл зерттеудің бастапқы мақсаты. Бұл тарапта түрлі тәжірибе жүргізіп, бағанада түрлі тұзақ құрап, жыланның кедергілерді қалай еңсеретінін бақылады. Міне, осы тәжірибе кезінде жыланның осындай ерекше қабілетіне куә болды. Ғалымдардың айтуынша, жылан шартта түрде төрт түрге бөлінетін жылжу ерекшелігіне қарай: тігінен жылжу, көлденеңді толқын тәрізді, бүйірімен және үйлесімді жылжу. 

0 пікір
Мұрағат