Крест жорығының бетін алғаш рет қайтарған сұлтанның қабірі табылды
Крест жорығының бетін алғаш рет қайтарған сұлтанның қабірі табылды
2 ай бұрын 2890 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия аумағынан, дәлірегі, елдің оңтүстік-шығысында орын тепкен Диярбақыр қаласынан он күнге созылған қазба жұмыстары кезінде селжүк сұлтаны Қылыш-Арслан І мен оның қызы Саида Қатынның қабірі табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазба жұмыстарын Дикле университетінің көрнекті әрі тәжірибелі археологтары жүргізді. Қазба жұмыстары Диярбақырдың көне қорым көптеп кездесетін Силбан ауданында жүргізілді. Археологтар шаң басқан ежелгі қолжазбалар мен архив материалдарын мұқият зерделеп, Орта Шешме саябағына назар аударған болатын. Аталмыш саябақтың 35 шаршы метрі қазылды. Ислам тарихында өшпес із қалдырған ержүрек сұлтанның сүйегі екі шамамен 2 метр тереңдіктен табылды. Тарихқа сәл шегініс: Қылыш-Арслан І 1092 жылы Сүлеймен ибн Құтылмыш іргесін қалаған Рұм сұлтанатының билеушісі болды. Ол крест жорығына тойтарыс беру үшін атқа мінген алғашқы мұсылман қолбасшы еді. Толағай жеңіске ол 1101 жылы жетті. Оның сайыпқыран әскері үш крест жорығының бетін қайтарды. Осыдан кейін крест жорығына қатысушылар Палестинаға бағытын өзге дәлізбен алмастырады. Яғни, сұлтанатты айналып өтті.

0 пікір
Мұрағат