Адам наркоздан өліп кетуі мүмкін бе? Анестезиолог жауабы
Адам наркоздан өліп кетуі мүмкін бе? Анестезиолог жауабы
3 жыл бұрын 6655 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік анестезиолог Александр Калмыков "Говорит Москва" («Мәскеу сйөлеп тұр») радиоторабына берген сұхбатында пациент пышаққ түсер алдында, яғни, науқас ота жасатар алдында наркозға қатысты қобалжуын негізсіз деп есептейді.  Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейлік маманның айтуынша, жалпы анестезия қолданылған жағдайда пациенттің оянуы мүмкін емес. Анестезия адамға ұшақпен ұшқаны секілді: біз белгілі бір биіктікті белгілеп, автопилотты іске қостық. Құралдар анестезияның тереңдігін бақылайды, яғни, ингаляциялық немесе ішкі анестетиктің концентрациясын қадағалайды. Дәрігер қаламайынша, пациент ояна алмайды. Сондай-ақ, ол ота жасатуға бел байлаған науқастардың көңіл түкпіріндегі күмәнді сейілтетін сауалға нақты жауап берді: анестезиядан адам өлмейді, мұндай жағдай 200 мың отадан тек біреуінде ұшырасуы мүмкін. Бұдан бөлек, ол жұрт арасында кеңінен тараған жаңсақ ұғымға да тойтарыс бере кетті: наркоз адам ғұмырын қысқартпайды. Оның еш дәлелі жоқ ойдан шығарылған миф екенін тағы бір мәрте еске салып өтті.

0 пікір
Мұрағат