Елімізде ислами қаржыландыру ісі өрге басып келеді
Елімізде ислами қаржыландыру ісі өрге басып келеді
1 ай бұрын 623 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Елімізде шариғи талаптарды ескере отырып халыққа қызмет көрсететін екі ислами банк бар: Al Hilal и Заман-Банк. Бұл жайында islam.kz порталы finprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылдың соңындағы қорытынды есеп бойынша олардың жиынтық активті 81,9 млрд теңгені құраған, яғни, оның алдындағы жылдың аяғындағы кезеңмен салыстырғанда 45,5%-ға артқан. Соңғы үш жылда олардың активтерінің жылдық орташа өсімі 30,3%-ға жеткен. Ал жалпы алғанда еліміздегі мұсылмандар қарасына әрі әлеуетіне шаққанда ислам банкингінің өсу қарқыны көңіл көншітпейді - бар-жоғы 0,26%-дан аспаған. Десе де өсу қарқыны баяу болғанымен біртіндеп танымалдылығы мен тартымдылығы артып келеді, әсіресе, несиелеу саласында: 2020 жылы ислами банктердің ссудалық портфелі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 47,4%-ға артқан екен. Ал бұл көрсеткіш 2019 жылы 39,7 млрд теңгені құраған болатын. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Al Hilal қаржы мекемесінің ссудалық портфелі 25,1 млрд теңгені, ал Заман-Банкті бұл көрсеткіш 14,6 млрд теңгені құраған. Еліміздегі ислами қаржыландыру негізінен шикізаттық емес экономика секторларында қарқын алып келеді: құрылыс, қызмет көрсету, сауда-саттық, өнеркәсіптік өндіріс, машина құрастыру, ауыл шаруашылығы. 

Қосымша дерек: бүгінде ислами қаржыландыру нарығында, әлемнің 90-нан аса елінде 700-ге тарта институт жұмыс істейді. Жалпы жиынтық сегменті шамамен 2,4 трлн долларға жеткен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 3,8 трлн долларға етуі мүмкін. Әлемдегі ислами институттардың ірі секторы ретінде ислами банкинг алға шыққан – ислами қаржыландыру нарығының 72,4%-ын құрап отыр. 

0 пікір
Мұрағат