40 °C ыстыққа төзетін күріш пайда болды
40 °C ыстыққа төзетін күріш пайда болды
3 жыл бұрын 1248 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары күріштен термотөзімді ететін екі генді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы xhnewsapi.xinhuaxmt.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде құрғақшылық пен жаһандық жылыну қарқын алғанда бірнеше ондаған ел тұрғындарын аштық қатерінен құтқаратын мөлшерде астық алуға мүмкіндік бермек. Шанхай өсімдіктер физиологиясы және экология институтының ғалымдары хлоропласттармен байланысқанға дейін күріштің жасушалық мембранасының сыртқы жылу кернеуінің сигналдарын сезіну тетігін ашты. Бұл - жылуға төзімділікті қамтамасыз ететін фотосинтез жүретін орган. Аптап ыстық өсімдіктің хлоропластына кері әсерін тигізеді, салдарынан астық түсімі азаяды, яғни, ауа температурасы өсімдікке қолайсыз шектен асқанда өсімдіктің өнім беру мүмкіндігі төмендейді.  Ұытай ғалымдары бұл тарапта күріштің термиялық төзімділігін жоғарылататын және жылу стрессінен астық өнімділігі көп төмендемесі үшін бір-бірімен әрекеттесетін екі гені бар локусты анықтады.Ғалымдар жинақталған геннің жылу кернеуі кезінде хлоропластарға зақым келтіретінін анықтады, алайда, бұл жағдайда басқа ген қорғаныс қызметін атқара алады. Ғалымдар жылу стресі  кезінде термосенсор жетілген ақуыздарды жоюы үшін алдымен жасушадан жасуша мембранасын жоятынын алға тартып отыр. Жоғарыда аталған қытайдың жоғарғы оқу орнының аталмыш зерттеуіне атсалысқан Лин Құнқуанның айтуынша, бұл бағыттағы зерттеулер жылу сигналдарына жауап ретінде өсімдік жасушасының мембраналарын хлоропластпен байланыстыратын жаңа молекулалық тетігін ашады. Содан соң ғалымдар африкалық күріш генін азиялық күрішке «көшіру» үшін гибридтау технологиясын қолданды. Алқаптағы сынақ нәтижесі көрсеткендей, күріштің жаңа түрі аптап ыстыққа әлдеқайда төзімділік танытқан: Целсия бойынша 40 °C-та да солмай, мол өнім берген. Ал салыстырмалы түрде алсақ, кәдімгі күріштің астық өнімділігі Целсия бойынша 35 °C-тан кейін төмендеп кетеді.  Ғалымдар жаңадан табылған генді басқа өсімдіктерде, соның ішінде бидай, жүгері, бұршақ және көкөністерде, т.б. ыстыққа төзімді түрлерді өсіру үшін қолдануға болады дейді.

Ұқсас материалдар:

«Қытайлар аштықпен күресудің тың тәсілін ойлап тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytailar-ashtyqpen-kuresudin-tyn-tasilin-oilap-tapty-16441/#gsc.tab=0);

«Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/eko-ziyandy-tynaitqyshsyz-tusimi-mol-kurish-osirudin-joly-tabyldy-14652/#gsc.tab=0);

«Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iondy-saule-tehnologiyasynyn-komegimen-kurishtin-jana-sorty-alyndy-14553/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Күрішті ең көп тұтынатын және өндіретін елдер туралы аз-кем мағлұмат» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurishti-en-kop-tutynatyn-jane-ondiretin-elder-turaly-az-kem-maglumat-14514/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/astyq-nemese-jemis-tusimin-arttyratyn-biometan-jasaldy-16402/#gsc.tab=0);

"ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0);

"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

"Пісірген кезде канцероген аз бөлінетін бидай өсіріле бастайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/pisirgen-kezde-kantserogen-az-bolinetin-bidai-osirile-bastaidy-15801/#gsc.tab=0);

«Өсімдікті аз уақыт ішінде қалпына келтірудің әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdikti-az-uaqyt-ishinde-qalpyna-keltirudin-adisi-tabyldy-16416/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат