Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды
Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды
3 жыл бұрын 3407 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары топарық құрамындағы азоттың аз болуына қарамай өсіп-өнуінде маңызды рөл ойнайтын генді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, бұл жаңалық өз кезегіне күріштің өсіп-өнуіне қажетті, алайда қоршаған ортаға зияны шаш-етектен азот тыңайтқышынсыз түсімі мол сортын алуға мүмкіндік бермек. Қытай ғылым академиясының генетика және биологиялық даму институтының ғалымдары әлемнің 52 елінен және түрлі аймағынан 110 көшеттің (гермплазма) геномдық анализін ұсынды. Бұл плазма осы күнгі жоғары өнімді сорттар танымал болмай тұрып, азотты тыңайтқыштар кеңінен қолданылмай тұрып, бүкіл әлемдегі фермерлер өсірген күріштің алуан түріне жататын. Ғалымдар топырақ құрамындағы азот мөлшері  туралы ғаламдық деректерді сараптай келе OsTCP19 деп аталатын ген нұсқалары мен күллі әлемдегі азот құрамы арасында байланыс барын анықтаған болатын. OsTCP19-H гені азоттық тиімділігі жоғары ген ретінде алға шығады. Ол топарығында азот мөлшері аз аймақтарда өсірілетін күріш сорттарында кеңінен тараған, алайда, азотқа бай аудандарда жоғалуға айналған. Бұл тараптағы зерттеу барысында белгілі болғандай, азот мөлшері аз аудандарда түсімі мол күріш тұқымын алу үшін OsTCP19-H генін пайдалануға болады. Аталмыш зерттеу нәтижесі Nature ғылыми мерзімді басылымының өткен жылдың соңғы нөмірінде жарияланған. Осылайша қоршаған ортаға зиянды тыңайтқыштарсыз астық түсімін арттыру жолдары қарастырыла береді. Осы тұста 2017 жылы  қытайдың Yuan Ce Biological Technology компаниясы кермек суда, яғни, тұзды суда күріш өсірудің тетігін тапқанын да айта кету керек. Әдетте теңіз суындағы тұздың мөлшері 4%-ға етеді, ал жағалау суыларында бұл көрсеткіш 2%-ға жетер-жетпес, тәжірибе барысында күріш құрамындағы тұздың мөлшері 6 пайызды құрайтын кермек суға өсіре алған еді. Күріштің бұл гибридті сорты 200 млн адамға азық бола алады. Күріш өсіруге қолайлы-ау деген теңіз жағалауындағы алқаптарды есепке ала отырып бағалағанда. 

Ұқсас материал:

«Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/iondy-saule-tehnologiyasynyn-komegimen-kurishtin-jana-sorty-alyndy-14553/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат