Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды
Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды
3 жыл бұрын 3082 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Хфи физика ғылымы институтының (HFIPS) профессоры У. Юэцзин жетекшілік еткен қытай ғалымдары ионды сәуле селекциясының көмегімен күріштің жаңа сортын алды. Бұл жайында islam.kz порталы Қытай ғылым академиясының дерегіне сүйенген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Чжункэцзин № 5» деген атау («Чжункэ» қытай тілінде Қытай ғылым академиясы деген мағына береді) берілген күріштің бұл жаңа сорты Аньхой првинциясында өсірілетін глютенді (жабысқақ) күріш өндірісі үшін арнайы алынды. Күріштің аталмыш сорты шапшаң пісетіндігімен, қоршаған ортаның әсеріне төзімділігімен, азотты тыңайтқышты пайдаланудағы тиімділігімен айрықшаланады. «Чжункэцзин № 5» сорты Аньхой провинциясындағы күріш алқабында сынақтан сәтті өтті әрі оны өсіруге жергілікті билік тарапынан рұқсат етілді. Жоғарыда аталған жоғарғы оқу орнының ғалымдары ионды сәуле мутагенезін молекулярлы селекцияны дамыту мақсатында ауыл шаруашылық саласындағы селекцияда қолдана бастады. Осы тұста бұл технологияның гермплазма ресурстарын (яғни, өсіру, өндіру, сақтау, зерттеу, т.б. мақсаттарда пайдаланылатын дән немесе тін секілді тірі генетикалық ресурстар)  өндіруде айқын артықшылықтар көрсеткенін айта кету керек. Ал мутагенездің көмегімен алынған өсімдікті кейде мутагенді өсімдік деп те атайды. 1930 жылдан бері осы уақытқа дейін 3200-ден аса өсімдік сорты алыныпты. Қытайдың өөзінде 2020 жылға дейін ионды сәуленің көмегімен арпа, күріш, жүгері секілді ауыл шаруашылығында кеңінен өндірілетін, азық-түлік қауіпсіздігінде стратегиялық маңызға ие өсімдіктердің 100-ден аса жаңа сорты алынған екен.

Новый сорт риса вывели с помощью ионно-лучевой технологии: Яндекс.Новости

0 пікір
Мұрағат