Су бетінде тұрғызылған мешіті бар ауыл (фото)
Су бетінде тұрғызылған мешіті бар ауыл (фото)
6 жыл бұрын 6173 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көпірлер көшенің, ал қайық автокөліктің орнын басқан. Бұл өзгеше мекен Тайландта орналасқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен тамашалау үшін арнайы ат басын бұрып келетін туристердің қарасы көп. Пани деп аталатын, ұзындығы бір жарым шақырымнан аспайтын бұл шағын елді-мекеннің іргетасын индонезиялық балықшылар осыдан екі ғасыр бұрын ағаштан қалаған. Мұнда тек тұрғын үйлер ғана емес, сонымен қатар, дүкен, мектеп, полиция участігі, емхана, мейрамхана (туристерге арналған), мешіт, тіпті, футбол алаңы да бар. Аталған елді-мекенде 315 отбасы тұрады. Оларлың қарасы шамамен бір жарым мың адамды құрайды. Мұндағы тұрғындар балық аулуамен және туристерге қызмет көрсетумен табыс табады. Құрлыққа дейін бар-жоғы 20 минутта қатынауға болады. Бұл ауылда, сондай-ақ, интернет те, электр қуаты да бар. 

 
 
0 пікір
Мұрағат