Түркия күн мен желдің арқасында 15 млрд доллар үнемдеді
Түркия күн мен желдің арқасында 15 млрд доллар үнемдеді
6 ай бұрын 944 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия соңғы екі жарым жылда күн мен жел энергетикасын дамыту арқылы газ импортын 15 млрд долларға дейін кемітуге қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы британиялық Ember талдау орталығы келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, күн энергиясы бойынша сағатына 52 ТВт электр энергиясын өндірген. Бұл көрсеткіш елдің жалпы энергетикалық тұтыну үлесінің 6%-на жеткен. Осылайша 5,4 млрд долларға газ саты палу қажеттілігінен құтылған. Жаңғыртпалы энергия көздеріне біртіндеп көшу арқылы энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтқан түріктер күн стансалары есебінен 1,7 млрд доллар үнемдеген.  Бұл көрсеткіш 2023 жылғысымен салыстырғанда 22%-ға артқан. Екі жарым жыл ішінде Түркия күн энергетикасының қуатын 19 ГВт-қа дейін екі есеге арттырып, 2025 жылғы мақсат еткен көрсеткішке 2024 жылдың тамыз айында қол жеткізген. Бұл тараптағы негізгі өсімді жекеменшік үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың жеке тұтыну үшін лицензияланбаған жобалары қамтамасыз етті. Ember мәліметінше, Түркия күн және жел энергетикасының жиынтық қуатын 2035 жылға қарай 30 ГВт-тан 120 ГВт-қа дейін ұлғайтуға бел байлап отыр.  

0 пікір
Мұрағат