Жыбырлақтардың да қиналмай өлуін заңмен қорғайды
Жыбырлақтардың да қиналмай өлуін заңмен қорғайды
6 жыл бұрын 3040 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швейцария билігі бақа-шаянның қиналмай өлу құқығын қорғайтын болады. Бұл жайында аталмыш е үкіметінің сайтында хабарланды. Тарқатып айтқанда, кеше, яғни, сәрсебіде федералды кеңес үкіметінің мәжілісінде биыл, яғни, 2018 жылдың наурыз айының 1-нен бастап қолданысқа енетін ветеринарлық заңға түзетулер енгізу турасында шешім қабылдады. Соның ішінде, бұл түзетулер итке де қатысты болмақ. Дәлірегі, иттерді заңсыз тасымалдауға және саудалауға, сонымен қатар, иттердің үруіне мүмкіндік бермейтін тұмылдырықты пайдалануға тыйым салынады. Ал бақа-шаян, құрт-құмырсқаға келетін болсақ, аталған тіршілік иелерін тірідей мұзда ұстап немесе мұздай суға салып тасымалдауға тыйым салады, олар табиғи ортасындағы жағдайда тасымалдануы керек әрі катрюлде қайнап жатқан суға тірідей атып жібермей, алдын ала өлтірілуі қарастырылған. Қиналмай өлуі үшін. Осылайша, Швейцария тіршілік иелерінің құқығын қорғайтын болады. 

0 пікір
Мұрағат