|
Итбалық сегізаяқты туристердің көз алдында парша-паршасын шығарды (видео)
|
Туристер Жаңа Зеландия жағалауында шамамен 120 келі тартатын итбалық пен алып сегізаяқтың шайқасын тамашалады. Нақтырақ айтқанда, теңіз жануарларының шайқасы Кайкоур оңтсүтік шығанағында орын алды. "Мұндай көрініс тапа-тал түсте сирек кездеседі. Әдетте Жаңа Зеландияда итбалықтар тек кешке қарай ғана жемтігін аулауға шығады",- деді гид. Туристер алдымен шағалалардың топтанып, әлденені айналсоқтап ұшып жүргенін байқаған. Теңіз тіршілігінен белгі берген. Туристер жақын келгенде итбалық пен сегізаяқтың шайқасының үстінен түскен. Шайқас жарты сағаттай уақытқа, дәлірегі, 20 минутқа созылған. Туристердің бірі бұл шайқасты таспаға тартып, алып ғаламторға жүктеген екен. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)
■
Израил бірегей қаруға ие болды (видео)