Әлемдегі ең жалқау ел анықталды
Әлемдегі ең жалқау ел анықталды
7 жыл бұрын 9080 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары әлемдегі 111 елдің 717 мың тұрғынының смартфонындағы мәліметтерді талдаған. Олардың қайсысы күніне қанша қашықтықта жүретінін анықтау үшін. Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, әлемде ең жалқау ел индонезилықтар болып шықты. Ола күніне орташа есеппен 3513 қадам жасайды. Ал белсенді халықтардың ішінде Гонконг тұрғындары көш бастаған: күніне 6880 қадам жасаған. Ал әлем бойынша күніне орташа есеппен адам 4961 қадам жасайды екен. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Гонконг тұрғындарынан кейін қытайлар, украиндар және жапондар белсенді екені белгілі болды. Нәтижесі Nature мерзімді басылымында жарияланған ғалымдардың бұл зерттеуінде ұзын саны күніне 68 млн адамның смартфонындағы қадамы есепке алынған. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар мынадай кереғарлыққа толы қызық құбылысқа көз жеткізген: күніне әр басқан қадамы мен артық салмау жинау арасында ешқандай кері байланыс байқалмаған. Яғни, артық салмақтан арылу үшін дене шынықтырумен айналысудың қатысы болмаған. Керісінше бай мен кедей арасындағы айырмашылық үлкен елдерде семіздік індеті тарағаны белгілі болды. 

0 пікір
Мұрағат