Ядролық арсеналын басқа елдерге қарағанда шапшаң ұлғайтқан ел аталды
Ядролық арсеналын басқа елдерге қарағанда шапшаң ұлғайтқан ел аталды
1 ай бұрын 387 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стокголмдегі (Швеция) халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) әскери шығындар мен әскери салаға қатысты жаңа есебін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы құжатта Қытай өзінің ядролық күштерін «кез келген басқа елдерге қарағанда жылдамырақ» кеңейтіп жатқаны және он жыл ішінде Қытайдың жалпы құрлықаралық баллистикалық зымырандарның Ресей Федерациясы мен Америка құрама штаттарына қарағанда көбірек болатыны айтылған. 2024 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қытай өзінің ядролық арсеналына 90 оқтұмсық қосып, олардың жалпы санын 500-ге жеткізген. Яғни, жылына шамамен 20%-ға арттырған. SIPRI мәліметі бойынша Қытайдың құрлықаралық баллистикалық зымырандарының жалпы саны шамамен 238. Салыстыру үшін алсақ: АҚШ-та 5044, Ресейде 5580 оқтұмсық бар. Үндістан мен Солтүстік Корея да ядролық арсеналын кеңейту үстінде. SIPRI есебі бойынша ядролық оқтұмсықтың жаһандық қоры 12 121 данаға жеткен. 2024 жылдың қаңтар айындағы мәліметке қарағанда зымырандар мен ұшақтарда 3904 ядролық оқтұмсық бар, бұл көрсеткіш 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 60-ға артық. Ядролық қарудың 90%-ға жуығы РФ мен АҚШ-тың иелігінде. SIPRI сарапшылары Израилде 90-ға жуық ядролық оқтұмсық бар, деп есептейді (десе де 300 ядролық оқтұмсықтың болуы туралы пікірлер бар). 2023 жылдың басында Израилде 750-1100 келі плутоний болды - әрқайсысының салмағы 4 келі плутоний болатын 187-ден 277-ге дейін ядролық оқтұмсықтар жасауға жеткілікті. 90 ядролық оқтұмсықтың шамамен 30-ы F16I жойғыштарынан және мүмкін F-15 ұшақтарынан лақтыруға арналған. 

0 пікір
Мұрағат