Қытай – ядролық технологиялар саласында көшбасшы атанды
Қытай – ядролық технологиялар саласында көшбасшы атанды
1 ай бұрын 332 inbusiness.kz Динара Мұрат

"Ақпараттық технологиялар және инновациялар қоры" (ITIF) америкалық зерттеу институтының мәліметтері бойынша, қытайлықтар ядролық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшыға айналды.

Сарапшылар Вашингтон бірнеше рет жариялаған "құпия қаруға" қарамастан, Америка Құрама Штаттары ҚХР-дан шамамен 15 жыл артта қалғанына сенімді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қытай — ядролық технологияның нақты әлемдік көшбасшысы", - дейді Массачусетс технологиялық институтының ядролық ғылым және инженерия профессоры Якопо Буонжорно.

ITIF дайындаған есеп Аспан асты еліне бұл тұрғыда тең келетіндер жоқ екенін көрсетеді.

2008-2023 жылдар аралығында Қытайдың барлық ядролық патенттердегі үлесі 1,3%-дан 13,4%-ға дейін өсті. Қытай сонымен қатар термоядролық патенттік өтінімдер саны бойынша көш бастап тұр. Баяндамада ҚХР атом энергетикасы бойынша ғылыми жарияланымдар арасында Хирш индексі (бейіндік жарияланымдардағы ғылыми әсерді өлшеу — ред.) бойынша бірінші орында тұрғаны айтылған.

Қытай тек университеттік ортада ғана топ жарған жоқ, қытайлықтар теорияны тәжірибеге сәтті енгізе білді. Аспан асты елі бәсекеге қабілетті шағын модульдік реакторларды әзірлеу мен коммерцияландырудың алдыңғы қатарында және әлемдегі бірінші төртінші буын ядролық реакторын пайдалануды бастады.

Динара Мұрат

0 пікір
Мұрағат