|
Иранда жаңа ақша түрімен есеп айырысуға рұқсат берілді
|
Иран аумағында маусым айының 21-і күні жергілікті валютаның жаңа түрі – цифрлық риал қоғамдық айналымға шығарылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде парсы елінің елдің Орталық банкіне жөн сілтеген «Прайм» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Клиенттер қағаз ақшаны немесе банк картасын пайдаланбай, атап айтқанда, штрих-кодты сканерлеу арқылы сатып алу және ақша аудару мүмкіндігіне ие болған. Тиісті әрі құзыретті реттеуші органдар төл ақшаның қолданылу аясын ұлғайту әрі түрлендіру бағытында цифрлық риал жобасымен үш жыл бұрын жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта елде жергілікті Mellat және Tejarat банктерінің мұрындық болуымен «қоғамдық пайдалану мүмкіндігі» бойынша осындай төлем құралын сынап көру шарасы басталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркия жұмыс іздеген шетелдіктер үшін ресми сайт ашады
■
Әлемде алғаш рет жасанды зердемен жабдықталған сұйық робот әзірленді (видео)
■
Тағы бір ел жұмыс іздеген шетелдіктер үшін мемлекеттік портал ашты
■
Индонезия сукук аукционында 673 млн доллар тартты. Нарық үшін маңызы қандай?
■
Визаның жааңа түрі пайда болды