VIP-қажылар парызын қалай өтейді?
VIP-қажылар парызын қалай өтейді?
9 жыл бұрын 4102

Өздеріңіз білесіздер, биыл қажылық маусымының қыркүйек айының 20-ы күні басталғанын. Қажылық парызы орындалатын Мекке мен Мәдина шаһары киелі болғандықтан аталған қалаларға қажылық мауысымы кезінде наным-сенімі өзге адамдарды кіргізбейді. Қажылық – Жаратушының алдында адамдардың бәрі бірдей екенін дәлелдейтін құлшылық түрі. Мейлі сен бай бол, кедей бол, мейлі сен кемтар бол немесе дені сау адам бол, мейлі сен ер немесе әйел адам бол, ажарлысың ба әлде көріксізсің бе – Алланың алдында тек тақуалығыңмен дәрежең биік. Бірақ, бір қызығы, кейінгі кезде «VIP-қажылық» термині қолданысқа енді. VIP-қажылар мен жай қажылар арасындағы айырмашылық олардың қажылық парызын орындау мерзімімен басталады. VIP-тегілердің қажылығы 8 күнге созылса, жай қажылардікі 20 күнге. Турагенттіктердің бірі «бюджеттік» қажылыққа баратындар қоршаған орта мен климатқа бейімделуі әрі қажылық парыздың қыр-сырына қанығуы үшін біршама уақыт кетіреді. Ал қымбат пакетті таңдағандар (бұрын қажылық парызын өтегендер, яғни, қажылық рәсімдері үйретілгендері) бірден қажылығын орындауға кіріседі. 

3527069

Әлбетте, VIP-қажылықта ең алдымен қызмет көрсету сапасы алдыңғы орынға шығады. Бағасы да соған сай болуы керек. Мәселен, ондай қажылар үшін 10 орынды ұшақ жалдайды. Ол чартерлік рейске ілеседі. Әуежайда оларға VIP-бөлме беріледі. Ал, жай қажылар автобусты місе тұтса, «қымбат» қажылар арнайы автокөлікпен жүреді. Бұған қоса, бюджеттік қажылар Харам мешітінен 3 шақырымдық қашықтықтағы қонақ үйге түссе, «қымбат» қажылар қасиетті орыннан 50 метр қашық жердегі қонақ үйді жалдайды. Қазақстандықтарға келсек, ауданы 120 шаршы метр болатын, қасиетті Қағбаға қараған президенттік нөмірлерге түседі. Мәселен, еліміздің қажыларға қызмет көрсететін турагенттігінің бірі Raffles Makkah Palace қонақ үйін айтуға болады. Президенттік нөмірді бір түнге жалдау құны 180 мың теңгеден басаталады екен. Ал королдік люкстер 583 мың теңгеге дейін барады. 

3527294

Қажыларға қажылық маусымы кезінде сыртқы келбетін күтуге, дәлірегі, қырынуға, тырнағын алуға тыйым салынса да мұндай қонақ үйлерде спа-салондар, хамам, жаттығу залдары бар. Ал жай қажылар палаткіде тұрады. 

Палаточный город Мина. Фото: masterok.livejournal.com

Мина қаласы. Фото: masterok.livejournal.com

Палаткіде тұратындар әжетханаға бару үшін сыртқа шығуға мәжбүр болса, «қымбат» қажыларда жағдай басқаша, олар, тіпті, «швед үстелінен» күніне үш уақыт тамақтанады. Ол ол ма, олар Арафат тауына кондиционер орнатылған арнайы контейнермен шығады. Бұған қоса, оларға гмд жалдайды.

Паломники молятся на Горе Милосердия в долине Арафата. Фото: fototelegraf.ru

Енді бағасына назар аударайық: жай қажылық 4000 доллар тұрса, VIP-тікі 15000-30000 доллар аралығында болады. 

Мужской ихрам состоит из двух белых несшитых кусков ткани

110

1 пікір
  • Қажылықты қалай өтеу емес, қабыл болды ма жоқ па сол маңызды.
    Алайда ысырап деген де бар ғой.
    9 жыл бұрын
Мұрағат