Ұшақ жолаушыларының салмағы өлшенетін болады
Ұшақ жолаушыларының салмағы өлшенетін болады
9 жыл бұрын 3342

Өзбекстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшу алдында жолаушылардың салмағы өлшенетін болады. "Узбекистон Хаво Йуллари" әуе компаниясы ұшу алдында жолаушының орташа салмағын анықтау үшін оларды қолындағы жүкпен өлшеуді бастап та кетті. Аталмыш компания өкілдері бұл сақтық шарасының Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығының талаптарына сәйкес келетінін алға тартып отыр. Жолаушының салмағын өлшеу тіркеуден кейін болады. Салмағын өлшеткен жолаушы туралы ақпарат болмайды. Олардың тіпті аты-жөндері де жазылмайды. Тек жынысына қарай жолаушының ер немесе әйел, я болмаса бала екені көрсетіледі. Толық жолаушыларды тасымалдау ұшақ жанар-жағармайының көп жағылуына алып келеді. Айта кетейік, индонезиялық әуе компаниялары мен британдық Virgin Airlines толық адамдардан қосымша ақы алады. Ал Southwest Airlines және Air France әуе компаниялары толық жолаушылардан бірден екі орын иеленуді талап етеді.

 

0 пікір
Мұрағат