Үнді саясаткерінің мәлімдемесінің астарында арандату жатыр
Үнді саясаткерінің мәлімдемесінің астарында арандату жатыр
9 жыл бұрын 3836

Үндістанның билік басындағы «Бхаратия Джаната» партиясы атынан сайланған депутат, наным-сенімі жағынан индус Сакши Махарадж өзін «шынайы мүмінмін» деп, ал Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаны (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) «ұлы йог» деп атап, мәлімдеме жасады. Ол бұл арандатуға бастайтын мәлімдемесін маусым айының 21-і күні аталып өтетін халықаралық йогтар күніне орай жасаған болатын. Айта кету керек, бұл күні Үндістанның барлық Депутаттары осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылман балаларды индус нанымына тартуды мақсат етіп отыр. Оның  мәлімдемесін мұсылман жамағатының жетекшілері қатаң сынға алып, мұсылман балаларды бұл тәжірибеге қатыстырмауды талап етіп отыр. «Исламда басты есім – Мұхаммед. Менің ойымша, Мұхаммед мырза ұлы йог болған. Менің түсінігімше, мұсылман – иманды адам, ондай болса, мен шынайы мүмінмін. Біз үнді мәдениетін ұстанатын адамдармыз. Алланың, Бхагваның немесе құдайдың арасында айырмашылық көріп тұрғаным жоқ», - деп мәлімдеді.

Бұл жайында IslamNews порталы  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат