|
Тұтас бір арал босқындар мазарына айналуы мүмкін
|
Грекияның бір аралы тұтастай босқындар мазарына айналуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, он мың босқынның тағдыры жайында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында Халықаралық құтқару комитетінің Грекияға жауапты бөлімшесінің жетекшісі Джана Фрей әлем қауымдастығына дабыл қағып, мәлімдеме жасады. Грекия аралығында босқындарға күннің суытына байланысты жаппай қырылап қалу қаупі төніп тұр. Бұған қоса, босқындар лагеріндегі адам төзгісіз жағдай мен тығыздық та босқындардың қайғысын қалыңдатып жіберген. Оларды қайткен күнде де әрі жедел құрлыққа жеткізу керек. Белгілісі, Грекия билігі олардың ел аумағында тағы бір қыстап шығуына мұрсат беріп отыр. Босқындардың одан кейінгі тағдыры не болары белгісіз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді