Түрік әскерилері аз күнде пулеметпен қаруланған дронға ие болады (видео)
Түрік әскерилері аз күнде пулеметпен қаруланған дронға ие болады (видео)
5 жыл бұрын 4068 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің қарулы күштері осы жылдың соңына дейін пулеметпен қаруланған дронға ие болады. Дрон құрылымы, яғни, конструкциясы жағынан квадрокоптерге ұқсайды. Салмағы 25 келі тартады. Оқшантайының сыйымдылығы 200 оққа шақталған. Дрон жалғыз оқ шығарып та немесе 15 ретке дейін кезекпен оқ шығаруға да қабілетті. Дрон көлемі 15х15 сантиметрдегі нысанды 200 метр қашықтықтан көздеп ата алады. Адамды жою үшін осы қашықтықтың өзі жеткілікті. Десе де мамандар дронның атып түсіру қашықтығын 400 метрге дейін жеткізуге болатынын әрі дронды одан ары жетілдіретінін жеткізді. Бұл жайында New Scientist ғылыми мерзімді басмылымы хабар таратты. Біз сөз етіп отырған Songar дроны Анкара қаласында орын тепкен Asisguard фирмасы құрастырған. Яғни, отандық өнім. Songar дронының тағы бір артықшылығы – түнгі қараңғылықта атып түсіруге мүмкіндік беретін құралмен жабдықталған. Дронның қозғалу радиусы 10 шақырымға жетеді. Қашықтықтан, қолдан басқарылады.

0 пікір
Мұрағат