Мыңнан аса жабайы жануар бәссаудаға шығарылады
Мыңнан аса жабайы жануар бәссаудаға шығарылады
4 жыл бұрын 3233 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Намбияның қоршаған орта және туризм министрлігі бір ғасырдан бері қайталанбаған қатты құрғақшылықтың салдарына байланысты ұлттық парктен 1000-на аса жануарды аукционға шығарды. Өйткені, жануарлар Африка құрлығындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан бәрібір өледі. Намбиядағы су қоймаларындағы судың деңгейі екі есе төмендеп кеткен. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы мәлім етті. Аталмыш министрлік өкілі Ромео Муйунданың айтуынша, бұл бәссауда жануарларды аман қалып қалу әрі азық-түлік тапшылығының ауқымын барынша ұлғайтпау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жайылымның жетіспеушілігіне байланысты жабайы жануарлардың қарасын азайтудан басқа қоршаған ортаны басқаша жолмен қорғау мүмкін болмай тұр. Егер жабайы ануарлар санын кемітпесе, ұлттық парктегі барлық жануардан айырылп қалу қаупі төніп тұр. Аталмыш ел аумағындағы су қоймалары 19,3%-ға ғана толған. Бұл көрсеткіш өткен жылы - 35,6%. Бұл туралы Намбияның су корпорациясының өкілі мәлім етті. Намбияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі келтірген дерекке қарағанда, биылғы құрғақшылықтан 2,5 ел тұрғынының үштен бірі аштыққа ұшыраған.

0 пікір
Мұрағат