Қартайғанда қарап отырмасы үшін экзосүлде киіп жатыр (фото+видео)
Қартайғанда қарап отырмасы үшін экзосүлде киіп жатыр (фото+видео)
4 жыл бұрын 2386 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда жасы егде тартқан адамдар қартайған осы екен деп, қарап отырған жоқ. Жұмысты жалғастыру үшін олардың көбісі осы заманғы технологияның көмегіне жүгініп, омыртқаға, қол мен аяққа түсетін салмақты жеңілдетуге мүмкіндік беретін экзосүлде киіп жатыр. Бұл жайында TJournal мерзімді басылымы New Scientist ақпарат көзінде жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып хабар таратты. Экзосүлде қарттарды қоғамға масыл болудан құтқарады. Әлемдегі қартаю процесі қарқынды жүріп жатқан күншығыс елі осылайша жұмысшы қолының жетіспеушілігін технологияның көмегімен шешпек. Мәселен, Innophys фирмасы аспалы сөмке, яғни, рюкзак түрінде кастөм жасады. Оны қолмен қуаттай аласыз. Аталмыш кастөм арқылы 24 келіге дейін тартатын жүкті қиналмай көтере аласыз. Бір экзосүлде шамамен 1300 доллар тұрады. Самурайлар елінде, сондай-ақ, бағасы 5,5 мың доллар тұратын Atoun Model Y от Panasonic кастөміне де сұраныс жоғары. Сөз орайы келгенде тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айындағы мәлімет бойынша аталған ел аумағындағы жасы 70-тен асқан  қарттар қарасы халықтың жалпы санына шаққанда 20 пайыздан асып кеткен.  Бұдан бөлек, қарттар қарасы көбейгенімен қоймай, туу көрсеткіші күрт құлдырап кеткен еді. Осынау жағымсыз демографиялық тенденцияға байланысты ел билігі зейнетке шығатын жасты 60-тан 70-ке көтеруді ойластырып жатыр.

Ұқсас жаңалықты қарай отырыңыз: 

"Guardian XO экзосүлдесінің алғашқы топтамасы (видео)" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/guardian-xo-ekzosuldesinin-algashqy-toptamasy-video-12835/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат