Тұрғындар ұзақ уақыт клуб қабырғасындағы нәжіске табыныпты (фото)
Тұрғындар ұзақ уақыт клуб қабырғасындағы нәжіске табыныпты (фото)
8 жыл бұрын 4408 fishki.net shyn.kz

2009 жылы Черновицк облысының Хотинский ауданындағы ауылдардың бірінде клубтың қабырғасында "құдай ананың" бейнесін елестететін бір сурет пайда болады.

Әйелдің тұлғасына ұқсайтын бейнені алдымен ауыл тұрғыны Антон Еремук көрген. «Біз үйлену тойын тойлап жатқанбыз. Танысым екеуіміз шылым шегуге шықтық. Мен тіпті нақты уақытын да білемін - 21.14. Кенет мен қабырғадағы анық бейнені, түрлі түсті фотосурет пен ақ қара фотосуреттің арасындағы біртүрлі түспен көрініп тұрған бейнені көрдім. Орнымда қатып қалдым. Сөйлей алар емеспін. Сәл есімді жиған соң қасымдағы танысымнан менің көріп тұрғанымды ол көріп тұр ма деп сұрадым. Сосын басқаларды шақырдық», — деген болатын сол кезде 24 жастағы Антон. 

Жители села долгое время поклонялись ссаным разводам на стене богородица, обман, религия

Осыдан кейін клубтың қасында жиі-жиі діни рәсімдер өткізіліп, айшық (крест) қойылған. Және болашақ шіркеудің құрылысы үшін деп садақа жәшігі орнатылады. Осылай тұра берер ме еді, кім білсін, егер, ауыл кеңес төрағасы мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал тумағанда.

Дау төрағаның садақа жәшігіне қол салуынан басталады. Ол жиналған ақшаны ауылдың қажеттілігіне жұмсамақ болады. Бұған, әрине, діндарлар қарсы шығады. Алайда, төраға қу адам болса керек, ушыға бастаған жанжалды оңай жолмен шешеді.

Жители села долгое время поклонялись ссаным разводам на стене богородица, обман, религия

Ол арнайы комиссия құрайық, сол комиссия қабырғадағы  ғажайып құбылыстың құпиясын ашып көрсін деп ұсыныс айтады. "Егер расымен де бұл бір мұғжиза болса, ақшаларыңды қайтарып беремін. Ал, егер, қандай да бір химиялық жолмен пайда болған тұз немесе басқа бірдеме болса (түнде клубтан шыққандар қабырғаға шаптырып, дәрет сындыратынын ол жақсы білетін) ақша қазынада қалады" дейді.

Жители села долгое время поклонялись ссаным разводам на стене богородица, обман, религия

Жақсылап сараптама жүргізіліп, қабырғадағы "ғажап" кіші дәрет сындырған адамдардың несебінен жыйналған тұз, сордың шоғыры екені анықталады. Әрине, бұның діндарларға жайсыз тигені белгілі. "Құдай ананың" бейнесі деп сыйынып, сүйіп жүргендері нәжіс болып шыққаны кімге оңай болсын. Осыдан кейін бұл ауылға зиярат етіп ағылып келе бастағандар күрт тиылыпты.

3 пікір
Мұрағат