Түнде «қорқытуға» тыйым салынатын болды
Түнде «қорқытуға»  тыйым салынатын болды
9 жыл бұрын 2610

Үстіміздегі жылдың, яғни, 2015 жылдың екі айы ішінде ипотекалық қарыз 54 млрд рублге дейін көтеріліп кеткен. Бұл да шегі емес: биыл жарты жылдың ішінде бұл көрсеткіш 18-20%-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Коллекторларға түнгі уақытта ипотекалық қарызы барларды мазалап, оларға телефон шалуға немесе «смс» хат жөнелтуге тыйым салынатын болды. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының депутаты Олег Михеев «Тұтыну несиесі туралы» федералды заңға тиісті түзетуді дайындаған. Бұл жайында «Российская газета» басылымы хабар таратты. Ал халық қалаулысының айтуынша, ипотекалық қарызы барларды беймезгіл уақытта мазалау барып тұрған жүгенсіздік әрі психологиялық қысым ретінде бағалануы керек. Осыған байланысты оларды  кешкі сағат оннан таңғы 8-ге дейін, ал демалыс күндері таңғы 9-ға дейін мазалауға заңмен тыйым салу керек. Айта кетейік, 2013 жылы мұндай заң Ресей Федерациясында қабылданған болатын. Ол заң 2014 жылдың шілде айының 1-нен бастап, күшіне енген еді. Алайда, депутаттың айтуынша, бұл заңның қауқары шамалы, яғни, ипотекалық қарызы барларды қорғап жарытпайды екен.  

0 пікір
Мұрағат