Ресейде зинаға тыйым салынуы мүмкін
Ресейде зинаға тыйым салынуы мүмкін
9 жыл бұрын 3043

Санкт-Петерборлық депутат Виталий Милонов келесі жылдың қаңтар айынан бастап некеден тыс байланысқа тыйым салуды ұсынды. «Ресей қоғамын моралдық тұрғыдан сауықтыру принципін басшылыққа ала отырып, кез келген некеден тыс төсек қатынасына заң жүзінде 2016 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, тыйым салуды қажет деп санаймын. Мемлекеттік Дума заң жобасын қабылдағаннан кейін қылмыстың дейгейі едәуір төмендейтін болады. Соның ішінде, ең ауыр күнәлардың бірі – зинақорлық та. Оның үстіне, мұндай заң жобасы жыныстық қатынасқа ерте баулитын батыстың зиянды ықпалына ұшыраған ресейлік қоғамның моралдық тұрғыдан сауығуына ықпал етер еді», - деп айтылған халық қалаулысының хатында. «Нақты шектеулер енгізгеннен кейін біз балаларымызды қарапайымдылыққа, адалдыққа тәрбиелейміз. Осынау жас ұрпақ неғұрлым таза әрі бүлінбеген болса, күнә мен арсыздық шырмауына шырматылмаса, олар кейін бір-бірін соғұрлым қадір тұтатын болады». Ең қызығы, ел елеулісі неке қидырғанға дейін жыныстық қатынасқа барған балалардың ата-анасын және жұбайының көзіне шөп салғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынған.

0 пікір
Мұрағат