Таяу болашақта жұқпалы індеттерден қаза болатындар саны он есе артады - ғалымдар
Таяу болашақта жұқпалы індеттерден қаза болатындар саны он есе артады - ғалымдар
6 ай бұрын 1027 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат ауыл шаруашылықты (жайылым жерлер мен егістік алқаптарын ұлғайту үшін орман-тоғайды отап, ондағы жабайы жануарлардан вирус жұқтыруы ықтималдылығы турасында айтылып отыр) кеңейту үшін жабайы табиғатқа «сұғына енген» сайын жұқпалы індетке шалдығу қатері арта бермек Яғни, адамзатқа бұрыннын беймәлім, адам иммунитетіне «таныс емес» түрлі инфекциялық аурулар жабайы тіршілік иелерінен таралу ықтималдығы басым. Бұл жайында islam.kz порталы BMJ Global Health ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ginkgo Bioworks биотехнологиялық компаниясының ғалымдары жабайы ортадан адамдарға тасымалданатын аурулардың таралуы туралы қолда бар деректерге сүйене отырып, болашақ індеттердің жиілігі мен ауырлығы туралы алдын ала болжам жасау мүмкін болғанымен, бұл үрдістерді дәлірек сипаттау үшін қосымша ақпарат қажет екенін атап өтті. Бұл тараптағы зерттеу барысында 1963 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген эпидемиялардың деректер базасындағы мәліметтер ескерілді. 1918 және 1957 жылдардағы тұмау пандемиясын қоса алғанда эпидемиялар кем дегенде 50-ден астам өлімге әкелген инфекциялық ауруларға айрықша назар аударылды. Зерттеушілер нақты бес вирустық агентке назар аударды: екі филовирус (Эбола және Марбург вирусы), SARS-CoV-1, Нипа вирусы және боливиялық геморрагиялық қызбаны тудыратын Мачупо вирусы. Зерттеу нәтижесі 1963 жылдан 2019 жылға дейін тіркелген жұқпалы індеттер саны жылына шамамен 4,98%-ға өскенін көрсетті. Ғалымдар мұндай өсу қарқыны сақталатын болса, 2050 жылға қарай жануардан адамға тасымалданатын қоздырғыштар 2020 жылға қарағанда төрт есе көп эпидемиялық ахуал тудырып, бүгінгіге қарағанда жұқпалы індеттен болатын өлім-жітім көрсеткішін 12 есеге арттыратынын болжап отыр.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат