3D-принтерінде әлеуметке арналған үйлер басып шығарыла бастады
3D-принтерінде әлеуметке арналған үйлер басып шығарыла бастады
6 ай бұрын 1326 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

3D-принтерінде тұрғын үй басып шығару трендке айналып келеді. Бұл үрдістен Германия да қалыс қалмады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үш өлшемді принтер құрылыс заттарының құнын арзандатып, жылдам әрі сапалы етіп үй тұрғызуға мүмкіндік береді. Экономикалық және экологиялық (қоршаған ортаға залалы мейлінше аз) жағынан тиімділігі жоғары технологиямен үй соғу батыс елдері мен Қытайда белең алып келеді. 3D-принтерінің тағы бір артықшылығы – кез келген дизайнда немес сәулетте ғимарат тұрғызуға болады. Германияда мұндай технологияны Peri 3D Construction компаниясы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы аясында қолдана бастады: шағын, үш қабатты, алты пәтерлі үйдің (бір қабатта екі пәтерден) ауданы 61-ден 81 шаршы метрге дейін, ал үйдің жалпы ауданы 651 шаршы метрді құрайды. Аталмыш жобаның ерекшелігін ескере отырып, алғашқы екі қабат арнайы цемент тәрізді қоспамен толтырылған COBOD BOD 2 принтерінің көмегімен, роботтың басқаруымен қат-қабат төселеді. Барлық процесс небәрі 100 сағатты алады. Құрылысшылар үстіңгі қабатты ағаш панелдерден тұрғызып, шатырды, еденді, есіктерді, терезелерді орнатып, инженерлік желілерді тартады.

Напечатанный дом

Напечатанный дом

0 пікір
Мұрағат