Тәліптердің бағын байлап отырған екі фактор. Ресей тәліптер мәртебесін өзгертуді көтереді
Тәліптердің бағын байлап отырған екі фактор. Ресей тәліптер мәртебесін өзгертуді көтереді
3 жыл бұрын 3042 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының билігі Біріккен Ұлттар Ұйымы қабырғасында Ауған билігін қолына алған тәліптер радикалды қозғалысын (Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) террористік ұйым қатарынан сызып тастау туралы бастама көтермек. Тек екі шартпен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ-ның Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Замир Кабуловқа жөн сілтеген islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Кремл бұл арада тәліптер радикалды қозғалысына халықаралық қауымдастық тарапынан қойылып отырған екі негізгі талапты қайталап отыр. Қандай талап еді? Біріншісі – адамның негізгі құқықтарының (өмір сүруге, бостандығына, өз тілінде сөйлеуге, еркін жүріп-тұруға, білім алуға, жеке өміріне қол сұқпауға, наным-сенім бостандығына кепілдік беру) сақтау; екіншісі – инклюзивтік (биліктің тек бір тайпаның немесе ұлттың ғана қолына тимеуі. Тәліптер радикалды қозғалысы пуштундардан тұрады, билік басында пуштундар қарасы көп, этникалық азшылықты құрайтындардың  билікке келуіне жағдай жасау). Осы екі негізгі талап орындалған жағдайда тәліптер билігінің заңдылығы әлем қауымдастығы тарапынан мойындалып, қара таңба болып басылған «террористік ұйым» атауынан құтылады.

Ұқсас материалдар:

«Кремл тәліптердің мәртебесін біртіндеп өзгертуге көшті» (https://islam.kz/kk/news/alem/kreml-talipterdin-martebesin-birtindep-ozgertuge-koshti-16016/#gsc.tab=0);

«Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін" (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-biligin-aldymen-resei-resmi-moiyndauy-mumkin-15477/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-de-taliptermen-yrymyraga-keludi-oilastyryp-otyr-15478/#gsc.tab=0);

«Иран тәліптер билігінің заңдылығын мойындау шартын атады» (https://islam.kz/kk/news/alem/iran-talipter-biliginin-zandylygyn-moiyndau-shartyn-atady-16258/#gsc.tab=0);

«Ауған факторы: тәліптердің арынын қалай тежеуге болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-talipterdin-arynyn-qalai-tejeuge-bolady-15591/#gsc.tab=0);

«Тәліптер өз арасында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/talipter-oz-arasynda-tazalau-jumystaryn-jurgizip-jatyr-16295/#gsc.tab=0);

«Дәрігерлерге жанында қамқоршы ер адамы жоқ әйелдерді қарауға тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/darigerlerge-janynda-qamqorshy-er-adamy-joq-aielderdi-qarauga-tyiym-saldy-16211/#gsc.tab=0);

«Тәліптер ауған әйелдерінің құқығын қорғау батығында маңызды қадам жасады» https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-augan-aielderinin-quqygyn-qorgau-batygynda-manyzdy-qadam-jasady-16125/#gsc.tab=0);

«Ауғанстанда психикалық ауытқуға ұшыраған әйелдер көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstanda-psihikalyq-auytquga-ushyragan-aielder-kobeiip-keledi-15883/#gsc.tab=0);

«Тәліптер 50 жыл бұрынғы монархиялық конституцияны қолданысқа қайта енгізеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-50-jyl-buryngy-monarhiyalyq-konstitutsiyany-qoldanysqa-qaita-engizedi-15813/#gsc.tab=0);

«Тәліптер қай елдерде өз елшіліктерін ашады» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-qai-elderde-oz-elshilikterin-ashady-15794/#gsc.tab=0);

«Тәліптер әскери шеру өткізді» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-askeri-sheru-otkizdi-video-16010/#gsc.tab=0);

«Тәліптер алғаш рет әскери әуе күштерінің жаттығуын өткізді» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-algash-ret-askeri-aue-kushterinin-jattyguyn-otkizdi-video-16111/#gsc.tab=0);

«Ауған-Қытай факторы: қытай компаниялары ауған жеріне келе бастайды" (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-qytai-faktory-qytai-kompaniyalary-augan-jerine-kele-bastaidy-16087/#gsc.tab=0);

«Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма? (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0);

«Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0);

«Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0); 

«Тәліптердің күші неде немесе тәліптер билік басына келгенде Ауғанстанды өркендеген елге айналдыра ала ма» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipterdin-kushi-nede-nemese-talipter-bilik-basyna-kelgende-auganstandy-orkendegen-elge-ainaldyra-ala-ma-12419/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат