Тәліптер әскери шеру өткізді (видео)
Тәліптер әскери шеру өткізді (видео)
3 жыл бұрын 2470 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәліптер радикалды қозғалысы (Қазақстан мен әлемнің көптеген елінде қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) Ауғанстандағы ірілігі жағынан ел астанасы – Кабул қаласынан кейінгі орында тұрған Қандағар қаласында әскери шеру өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Roya News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш әскери шеруде тәліптер ауғандардың және халықаралық күштердің бұрынғы әскери техникаларын пайдаланған. Бұл шеру тәліптердің жаңа әскер құру бағытындағы алғашқы қадамы ретінде бағаланып отыр. Қандағардың қала орталығы мен әуежай арасын жалғайтын негізгі көшесінед өткен әскери шеруде діни әуен орындалды. Бүгінде тәліптер провинцияларда губернаторлар тағайындап, әскери бөлімдерді қайта жасақтауға кіріскен. Мәселен, бұрын Қандағардағы «Аттал» деп аталған әскери корпус арабша «әл-Бадар» деген атауға ие болды.

0 пікір
Мұрағат