Тәліптер алғаш рет әскери әуе күштерінің жаттығуын өткізді (видео)
Тәліптер алғаш рет әскери әуе күштерінің жаттығуын өткізді (видео)
2 жыл бұрын 1138 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауған билігіне келген тәліптер радикалды қозғалысы (Қазақстан мен әлемнің көптеген елінде насихаты мен қызметіне тыйым салынған ұйым – ред.) елдің солтүстігінде орын тепкен Балқы провинциясында алғаш рет әскери әуе күштерінің жаттығуын өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы ауғандардың TOLOnews телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптердің әскери әуе күштерінің қолбасшысы Амандин Мансұрдың айтуынша, әуе маневрінде ресейлік Ми-17 тікұшағы мен америкалық MD тікұшағы пайдаланылған. Ауғанстанның бұрынғы әскери әуе күштеріндегі мамандар бүгінде тәліптер қоластында жұмыс істеп жатыр. Олар тікұшақтарды техникалық тұрғыдан күтіп ұстайды. Осылай деген ол елден қашқан бұрынғы әскери мамандарды елге оралуға шақырды. Маман тапшылығын болдырмас үшін тәліптер олардың жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік бермек. Бұдан бөлек, тәліптер ел аумағындағы барлық әскери техникаларды түгендеп, әуежайлар туралы дерек жинастырмақ. Сөз орайы келгенде айта кету керек, тәліптердің уақытша жасақталған министрлер кабинетінде қорғаныс министрі Мұхаммед Жақып Мүждаһид әскер жасақтап, қарулы күштерді осы заманғы әскери техникалармен жабдықтауды алдына мақсат етіп қойғандарын жария еткен еді.

Ұқсас материалдар:

«Тәліптер әскери шеру өткізді» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-askeri-sheru-otkizdi-video-16010/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат