Тәліптер 50 жыл бұрынғы монархиялық конституцияны қолданысқа қайта енгізеді
Тәліптер 50 жыл бұрынғы монархиялық конституцияны қолданысқа қайта енгізеді
3 жыл бұрын 1363 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауған билігін қолына алған тәліптер радикалды қозғалысы (Қазақстан мен әлемнің көптеген елінде қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) осыдан аттай жарты ғасыр бұрын күшін жойған монархиялық конституцияны қайта қалпына келтіріп, қолданысқа енгізетіндерін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ауғанстанның әділет министрлігі жетекшісінің міндетін атқарушы Әбдіхәкім Шариаға жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптердің ресми өкілінің сөзіне қарағанда, Ауғанстанда көп ұзамай соңғы монарх Зәкір шаһтың тұсындағы конституция қолданысқа енеді. Алайда, шариғат талаптарына қайшы келетін ережелер алынып тасталады. Осы орайда ауған жұртының соңғы королі Зәкір шаһтың конституциясы 1973 жылға дейін ауған аумағында қолданыста болғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат