Ауған-Қытай факторы: қытай компаниялары ауған жеріне келе бастайды
Ауған-Қытай факторы: қытай компаниялары ауған жеріне келе бастайды
3 жыл бұрын 2508 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың бес компаниясының өкілдері Ауғанстанға арнайы сапармен келді – лития өндірісіне қатысты әлеуетті жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін саралау үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Global Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде қытай компанияларының өкілдері қараша айының басында ауған экономикасына жәрдемдесу жөніндегі қытай-араб комитетімен және Ауғанстанның тау-кен өнеркәсібінің министрлігімен өткен кеңестен кейін келіп отыр. Қытай тарапы ауған жерінде негізінде мыс пен лития өндірісін қолға алмақ. Осы заманғы технологиялық құрал-жабдықтарға қажетті ресурсты – литияны өндіруге қытай компанияларының мүдделілік танытып отырғанын сайтымыздың жаңалықтар таспасында бұрын да айтып өткенбіз (қараңыз: «Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма? (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0); «Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0); «Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0); Лития өндірісі мен барланған қоры бойынша осы күнгі әлемде ең ірі держава атанған Боливиямен Ауғанстанның бәсекелесу қабілеті жоғары. Жоғарыда аталған қытайдың бес компаниясының өкілдерінен өзге ауған аумағында қытайдың тағы 20 мемлекеттік және жекеменшік компанияларының өкілдері лития жобасына қатысу үшін жүргенін айта кетпекпіз. Бұл мәліметті Қабул қаласындағы Қытай-араб комитетінің мүшесі Гао Сусу мәлім етті. Десе де Қытайдың металды, минералдарды және химикаттарды импорттау және экспорттау жөніндегі сауда палатасының бұрынғы вице-президент Шжоу Шистзиан билік басындағы тәліптерден лития өндірісінің жобасына қатысатын персоналдардың қауіпсіздігіне әрі жобаның орта жолдан үзілмеуіне кепілдік беруді талап етіп отыр. Қытай тарапының бұл тарапта «аузы күйгенін» айта кеткіміз келеді. Қытай компаниялары Ауған аумағындағы Айнақ кен орнынан мыс өндіру жобасынан бастап өзге де пайдалы қазбалар жобасына қатысқан. Алайда, елдегі саяси тұрақсыздықтан көптеген жобалар орта жолдан тоқтап қалған еді.

0 пікір
Мұрағат