Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырды
Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырды
3 жыл бұрын 3056 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Португалия парламенті дерті жанына батып, жантөзгісіз азаптан қиналған әрі ем қонбайтын науқасқа эвтаназия қолдануға рұқсат ететін заң жобасын қабылдады. Өткен аптаның ұма күні. Бұл жайында islam.kz порталы Diario de Noticias ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасына 136 депутат жақтап дауыс берсе, 78-і қарсы дауыс берген, төртеуі қалыс қалған. Аталған заң талаптарына сәйкес эвтаназия процедурасы тек денсаулық сақтау саласында ғана қолданылады әрі кәмелет жасына толған, қандай да бір дауасы жоқ дерттен беті қарамайтыны медициналық тұрғыдан расталған пациеттің өтінішімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан мақұлданған заң талабы бойынша эвтаназия процедурасы ұлттық денсаулық сақтау мекемелерінде де, медициналық жәрдем көрсетуге лицензиясы бар жекеменшік және әлеуметтік секторларда да жүзеге асырылады. Десе де бұл заң қолданысқа енуі үшін мемлекет басшысы қолын қоюы тиіс немесе ел президенті оны конституциялық сотқа жөнелтіп, сараптауға береді я болмаса вето қоя алады. Егер аталмыш заң президент тарапынан қолдау тауып, қолданысқа енсе, Португалия Еуропада осындай заң қабылдаған төртінші, ал күллі әлемде жетінші ел болмақ.

Ұқсас материалдар:

«Эвтаназия заңдастырылған елдер қатарына тағы бір мемлекет қосылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziya-zandastyrylgan-elder-qataryna-tagy-bir-memleket-qosyldy-14546/#gsc.tab=0);

«Қасіретті өлім тағы бір елде заңдастырылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qasiretti-olim-tagy-bir-elde-zandastyryldy-12679/#gsc.tab=0);

«Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат